Сізді алға жетелейтін 15 қадам

Сізді алға жетелейтін 15 қадам
Фото: fonxl.ru

Уақыт бір орнында тұрмайды. Күндер өтеді, апталар асығады, айлар асады, жылдар жылжиды. Бүгінгі сіз – ертеңгі өзге адам. Адам баласы үнемі қозғалыста жүруі шарт. Дене де, сана да. Бір орында жылжымай тұра беру жетістікке ұмтылған жандарға тән дүние емес. Қарапайым пенде болғыңыз келе ме? Келмесе, 15 керек қадамды жүзеге асырып көріңіз. 

1. Сізге қоңырау шалуға жүрексінген адамыңызбен сөйлесуден қорықпау керек.

2. Сізге өзіңіз қалаған уақыттан да ерте тұру керек.

3. Сізге алғаныңыздан гөрі, көбірек беру керек.

4. Сізге көрсетілген қамқорлықтан екі есе көбірек басқаларға қамқорлық көрсетуіңіз керек.

5. Сізге ауыр жаралансаңыз да күресу керек. 

6. Сізге сақтану керек уақытта да тәуекелге бару керек. 

7. Сізге артыңыздан әлі ешкім ермесе де, көш бастау керек.

8. Сізге ешкім істей алмаған дүниені істеу керек. 

9. Сізге өз сауалдарыңызға жауап тапқыңыз келсе, ақымақ боп көрінуден қорықпау керек. 

10. Сізге бос сылтауратудан гөрі тезірек шешім қабылдау маңызды екенін ұмытпау керек.

11. Сізде басқалардың пікірімен келісіп тұрсаңыз да, өз пікіріңіз бен шешіміңіз болу керек. 

12. Сізге қателік жасасаңыз, одан тез арада сабақ алу керек.

13. Сізге байқап көру керек, қателесіп, қайтадан өзіңізді сынап көру керек.

14. Сізге тыныстау қиын болған жағдайда да жылдам жүгіру керек. 

15. Сізге «жоқ» деп айтып үйрену керек. 

Ж. Жұмағұлов