Жарының қазасынан кейін жазылған хат

Жарының қазасынан кейін жазылған хат
Фото: Bomba.co

Атақты әзілкеш, сатирик Джордж Карлин жары қаза болғанда бір мақала жазды. Содан бері сан жылдар өтсе де, өзектілігін жоймаған жазбаны сіз де оқып көріңіз.

«Бізде құрылым биік, бірақ шыдамдылық төмен, желіміз терең, ал көзқарасымыз таяз. Бұл – өмірдің қарама-қайшылығы.

Көп құртамыз, аз аламыз, көп сатып аламыз, оған қуануымыз да ұзаққа созылмайды.

Үйіміз үлкен, ішіндегі отбасымыз шағын ғана. Бар жағдай жасалған, оның қызығын көретін уақытымыз да жоқ.

Жоғары оқу орнында білім аламыз, бірақ ақылымыз сондай жоғары деңгейде емес. Зерттеушілеріміз көп, ал мәселелерімізз одан да көп. Медицина жақсы дамыған, денсаулық мәселесі жақсы емес.

Тым көп темекі шегеміз, шектен тыс ішімдік ішеміз, тапқанымызды ойланбай шашамыз, тым аз күлеміз, өте тез жүреміз, оп-оңай күнә жасай саламыз, тым кеш жатамыз, мүлде ұйқымыз қанбай оянамыз, кітаптың бетін ашпаймыз, теледидардың алдынан шықпаймыз, шүкіршілігіміз де тым аз.

Талабымызды ұлғайттық, құндылығымызды қысқарттық.

Тым көп сөйлейміз, өте сирек сүйеміз, жиі жек көреміз. Қалай күн көруді білеміз, шын мәнінде қалай өмір сүру керек екенін білмейміз. Адами өмірге жыл қосуды білеміз, жылға өмір қосуды ескермейміз.

Айға да жеттік, қайта келдік, бірақ көшеге шығып, көршілермен танысуға жағдайымыз жетпейтіндей.

Ғарыш әлемін бағындырдық, бірақ жан дүниені жаулай алмадық.

Көп іс бітіргенімізбен, барлығы бірдей жақсы емес.

Ауаны тазартамыз, ал жанымызды кірлете береміз.

Көп жазамыз, ал білетініміз сондай көп емес.

Көп жоспарлаймыз, оның орындалғаны тым аз.

Асығуды үйрендік, бірақ күтуді үйренбедік.

Көп ақпарат сақтайтын жаңа компьютер жасадық, бірақ бұрынғыдан да аз араласамыз.

Бұл тез тамақтанып, асы қорытылмайтын, ірі денелі, майда жүректі адамдардың дәуірі.

Отбасы шығыны артып, ажырасу саны көбейген, әдемі үйлер молайып, ортасына түскен шаңырақ көбейген шақ болды.

Қысқа арақашықтық, бір қолданбалы жаялық, бір сәттік өсиет, бір түндік қатынас, артық салмақ, дәрі – осының барлығы бізді елітеді, тыныштандырады, өлтіреді.

Толған сөрелер мен бос қоймалар ғасыры болды. Барымызды түгел жайып тастадық.

Технология ғасыры бұл хатты сізге жеткізді, мұны басқалармен бөлісу не жай ғана «Delete» батырмасын басу өз қолыңызда.

Есіңізде болсын! Жақсы көретін жақын жандарыңызға көп уақыт бөліңіз. Олар бүгін бар да, ертең жоқ.

Ұмытпаңыз! Жаныңыздағы жанды жиі құшағыңызға қысып, мейірімге бөлеп тұрыңыз. Себебі ол сіздің ең қымбат қазынаңыз. Бұл әрекетіңіз үшін жан баласына бір тиын да төлемейсіз.

Естен шығармаңыз! Сүйіктіңізге «сені сүйемін» деп жиі айтыңыз, бірақ алдымен осыны жан жүрегіңізбен сезініңіз. Сүйісу мен құшақтасу кез келген жағымсыздықты жеңе алады. Олар шынайы жүректен шығуы тиіс.

Жадыңызда жүрсін! Бірге болған әр сәтіңіздің бағасын біліп, қолынан қысып ұстаңыз. Ол адам жаныңызда мәңгілік жүрмейді.

Махаббатқа, қарым-қатынасқа, айтқыңыз келгеннің барлығын, жүйелі сөзді иесіне жеткізуге әрдайым уақыт табыңыз.

Себебі өмір тыныс алумен өлшенбейді, жан кеудеден ұшқан сәтте бітеді де қалады!»

@. @assel_assanova