Кәсіп бастағандарға 5 кеңес

Кәсіп бастағандарға 5 кеңес
Фото: flickr.com

Өз алдына жеке қожалық иесі болған адамдар көп. Қазір олардың қатарынан жастардың есімдері жиі аталады. Кәсіп бастау үішн алдымен мол тәжірибе қажет. Тәжірибені қай жерде қалай қолдану керектігін білу үшін ақыл керек. Мына кеңестерге көз салып шықсаңыз, кәсібіңізге септігі тиіп қалар.

1. Ұялмаңыз.

Кәсіпкерлік оңай жұмыс емес. «Заманың түлкі болса тазы боп шал» дегенді жадыңыздан шығармаңыз. Ұялудың да шегі, мөлшері болады. Бетіне айтамын деп тырнап алып, үндемейін деп жер жастанып қалып жүрмеңіз. Кәсібіңізге біреу тырнағын батырып жатса, айтарыңыз дайын болсын.

2. Бос уақытта да бос болмаңыз.

Бос уақытыңыз табыла қалса, жіберіп алмаңыз. Демалуға әрқашан уақыт табылады. Қолыңыз тие қалса, жоспарларыңызды тізіп қойыңыз. Егер достармен серуенге шықсаңыз, кәсіп, бизнес туралы ақылдасыңыз.

3. Тексеріңіз.

Тренингтерге қатысып, түрлі кітап оқып, өз-өзіңізді жетілдіріңіз. Өзіңізден үлкендер тұшымды ой айтса, қадам басып көріңіз. Тәуекелге бел буудан тайынбаңыз. Бәрін тексеріп көру қажет. Өз мүмкіндігіңізді, шама-шарқыңызды біле алатын боласыз.

4. Кәсіпті емес, әсерді ойлаңыз.

«Кәсіпті ойлама дегені несі?» дейтін боларсыз. Жо-жоқ, ойлаңыз, бірақ артына еріп кетпеңіз. «Кәсіп, кәсіп» деп оның санын шығару үшін сапасын жоғалтып аласыз. Керісінше, тұтынушыларға берер әсерін ойлаңыз. Олар сіздің тауарыңызды іздеп жүріп тауып алатындай әсер қалдырсаңыз, кәсіп өз-ақ сізді қуатын болады.

5. Жарнама.

Кәсіпті жарнамалаймын деп әлеуметтік желіде біраз адам танымал болды. Кәсібіңізді емес, осы күнге қалай жеткендігіңізді, қандай қиындықтардан өтіп, қай жерде сүрінгеніңізді ашықтан-ашық жаза біліңіз. Демек, блогты жарнама (ақша) үшін емес, тәжірибе бөлісу үшін жазыңыз.

Г. Берік