Бәрі де өз қолыңызда...

Бәрі де өз қолыңызда...
Фото: vk.com

Тағдыр дегеніміз – адамның өз өміріндегі жіберіп алған кемшіліктерінің жиынтығы. Одан сабақ ала білу пенделік парызымыз. Өзгеден бұрын өн бойымыздағы қатені өзіміз таба білсек, түзету әлдеқайда оңайырақ болмақ. Өмір кейде біз күтпеген тосын жайттарға толы.

Кейде бәрінен мықты боп көрінсек, кей кездері өзімізді ең боркемік жан сезініп,  дәрменсіз күйге түсеміз, тіпті кейде болмашы бір қиындыққа қасқая қарсы тұра аламыз немесе құлдилап кетеміз. Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болсын дейтін адам бақытты бола алмайды. Спенека «Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр», деген екен. Бұл қалай?!

Өз өміріңізді гүлдендіргіңіз келсе, өзгенің қамын жеңіз. Барлық адам аз ғана ғұмырда көп іс тындырып кеткісі келеді. Артында сайрап із қалғанын қалайды. Өмір әуезді ән секілді. Ұзақтығымен емес, мағынасымен өлшенеді. Қыздың өрген қос бұрымындай өмірдегі жақсылық та, жамандық та қатар жүруін ескеруіміз керек.

Түптеп келгенде, бақытты болуды қаламайтын адам баласы жоқ. Бәрінің бақытқа қол жеткізгісі, сүйгісі, сенгісі келетіні ақиқат. Тоқтаусыз ағып жатқан өзен сынды тіршіліктегі бірқалыпты ырғақ адамды жалықтырып жібереді кейде. Өміріңізді өзгерткіңіз келе ме?! Ендеше, мыналарды жадыңызға мықтап сақтаңыз!

Өмір ақ пен қараның айқасынан тұрады. Жақсылыққа жаныңызды жақын етуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Өмір сындарлы күрестен құралған. Жеңіске жетуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Өмір  ең тамаша сыйлық. Қадірін білуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Өмір бізге барлық жағдайда мүмкіндіктер берген. Таба білуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Өмір – ұлағатты қарт ұстаз, өлшеусіз сабақ. Жақсы тәлімгер болуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Өмір бізге жанымызға жақын адамдарды жіберген. Қадірін түсініп сүйе білу, сүйікті бола білуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Тіршілікте адал өмір сүріңіз. Айналаңыздағылардың адалдығына күмәндануды азайтуӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

Ж. Жұмағұлов