Тест: Сіз қаншалықты мейірімдісіз?

Тест: Сіз қаншалықты мейірімдісіз?
Фото: Данияр Жанжұманов

Өмірде әрбір адам өзін белгілі бір дәрежеде мейірімді, ақкөңіл, жомарт деп санайды. Алайда барлық адам сондай ақжарқын, мейірбан болса, жаман адамдар қайда? Олар қайдан шығады?

Шынайы өмірде біржақты жақсы немесе біржақты жаман адам болмайды. Тек адамның жақсы және жаман қасиеттері болады. Сол қасиеттері арқылы адам өзін бірде жақсы жағынан көрсетсе, бірде жаман жағынан көрсетеді. Сіздің бойыңызда осы екі қасиеттің қайсысы басым екенін байқау үшін тест ұсынамыз. Ұсынылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз:

1. Сіз кекшілсіз бе?
2. Біреуді мысқылдап, әжуалағанды жақсы көресіз бе?
3. Сіз өте үлкен көлемде ақша тапсаңыз, сол ақшаға түгелдей дерлік жақын адамдарыңызға сыйлық әпересіз бе?
4. Жақын досыңыз келіп өз мұңымен бөлісті. Сіз оны өз мұңыңыздай қабылдайсыз ба?
5. Сіз картаны немесе белгілі  бір ойын түрін шебер ойнайсыз. Ал әріптесіңіз нашар ойнайды. Оны қуанту үшін ойынның кейбір сәттерінде ұтыласыз ба?
6. Ойын үстінде өзіңіздің жеңіліп бара жатқаныңызды сезсеңіз, әр түрлі сылтау айтып, ойынды тоқтатуға тырысасыз ба?
7. Айналаңыздағы адамдардың көңілін көтеру үшін мақтау сөздер мен әзіл-қалжыңдар айтып жүресіз бе?
8. Жүктелген өтініш, аманаттарды бұлжытпай орындайсыз ба?
9. Жаныңызға жат, суқаныңыз сүймейтін тақырыптағы әңгімені асқан сабырмен, ыждаһатпен тыңдай аласыз ба?
10. Жиналған көпшілікті көңілдендіру үшін бір адамды құрбандыққа шалып, келемеждеп, намысына тиесіз бе?
11. Өз қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай өзіңіз істегеп кетесіз бе?
12. Сіздің көңіл-күйіңіз болмай шаршап тұрған сәтте достарыңыз қыдыруға шақырды. Достарңыздың көңілі үшін барасыз ба?

Қорытынды:

1, 3, 4, 7, 11 – сұрақтарға «иә» деп жауап беріп, ал 2, 5, 6, 8, 9, 10, 12 – сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсеңіз, әрбір жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.

Ұпайыңыз 8-ден жоғары болса, онда сіз өте мейірімді жансыз, айналаңызға ұнайсыз, әрдайым жан-жағыңызға нұр шашып жүресіз. Бөтен адамдармен тез  тіл табысып, сөйлесіп  кету сіз үшін түкке тұрмайды. Сол себепті де сіздің достарыңыз көп. Алайда, бір ескертетін жайт, ешқашан жұрттың бәріне ұнаймын деп әркімге бір жалпақтай бермеңіз. Барлық адамға  жағу мүмкін емес және міндет емес.

4-8 арасында болсаңыз, онда көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылатын жерінде тарылып отырады. Жұрттың бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе бола бермейсіз. Көңіліңіз түскен жанмен арқа-жарқа әңгіме-дүкен құрасыз, ал кейбір жанға жауап беруіңіздің өзі қиынға соғады. Яғни «Бірде көл, бірде шөл» деген мәтел сіздің типіңізге айтылған.

Егерде сіздің жинаған ұпайыңыз 4-тен төмен болса, кешірерсіз, сізбен араласу өзгелерден бұрын ең жақын адамдарыңыздың өзіне қиынға соғады. Сондықтанда сіз мейірімді болуға тырысыңыз. «Не ексең, соны орасың» деген. Сіз айналаңыздағылардың қуанышымен, мұңымен бөліспесеңіз жақын деген адамдарыңыздың өзі сізден теріс айналуы мүмкін. Сол себепті бұл жайттардың алдын алыңыз.

Н. Айдархан