Таңдауыңыз не? (Тест жауабы)

Таңдауыңыз не? (Тест жауабы)
Фото: www.artfile.ru

Тест басы

1. Сіздің таңдауыңыз – смартфон

Сіз инновациялық технологияларды жетік меңгергенсіз, оларсыз сізді елестету өте қиын. Асыра айтқанда, смартфонның құлағында ойнайсыз. Тәуекелге бел буғанды жақсы көресіз, тіксіз. Нақты дәлелмен жүресіз, болжам, алдын ала ойлау сізге тән емес. Көмекші құралыңыз смартфонға сізге керекті бүкіл ақпаратты жүктеп алып, өз уақытыңызды тиімді пайдалана аласыз. Оған қоса, қолфонның құлына айналуды құптамайсыз.

2. Сіздің таңдауыңыз – әсер күнделігі

Өмірде үнемі қолыңыз босамайды. Бірде аспапта ойнап отырсаңыз, бірде асүйде жүресіз. Көптеген адаммен тіл табыса аласыз. Қызығушылықтарыңызбен өміріңізді байланыстырғыңыз келеді. Қатты әсер алсаңыз ғана күнделікке түсіріп қоясыз. Есте сақтау керек дүниелерді де түртіп жүресіз.

3. Сіздің таңдауыңыз – жоспар парағы

Өмірге салмақтылықпен қарайсыз, алдын ала жоспар құрып аласыз. Жоспардан ауытқу сізге тән емес, сол үшін аяқ астынан өзге істер пайда бола бермейді. Тосынсыйлар сирек болып тұрады. Уақытыңыздың басым бөлігін жұмыс үстелінде өтетін болғандықтан, жұмыс үстеліңізді ерекше ұстайсыз.

4. Сіздің таңдауыңыз – қызықты қойын дәптер

Сіз ортаңызға шуақ сыйлайсыз. Жаныңызды көңілді жүретін жандар жайлаған. Сіз де оптимистік көзқарастағы адамсыз. Қызықты афоризмдерге толы қойын дәптер сізге арналған.

5. Сіздің таңдауыңыз – классикалық қойын дәптер

Сіз қоғамның ығымен жүреміз. Сізге керекті заттар үнемі жаныңыздан табылуы тіис. Оларсыз жаһанда жалғыз қалғандай сезінесіз. Достарыңыз сізді дәстүрден аттамаған, наным-сеніммен жүреді деп есептейді. Аппақ параққа өзіңіз жайлы, қоғам туралы түртіп отырған ұнайды.

6. Сіздің таңдауыңыз – ерекше қойын дәптер

Сіз шығармашылықтың адамысыз. Тың идеялар сізің санаңызда артып жетіледі. Аяқ астынан пайда болған ерекше ойларыңызды дәптердің шетіне, кәмпит қағазына жаза саласыз. Мұндай идеяларды уақытында жазып алу керек.

7. Сіздің таңдауыңыз – жеке күнделік

Сіз нәзіксіз, арманшылсыз, бәріне өзіңізге жақын аласыз. Сүйкімділік сізге тән. Өз эмоцияңызда жасыра алмайсыз. Құпияңызды көпке аша бермейсіз, сондықтан кілті бар күнделікке сенесіз.

8. Сіздің таңдауыңыз – қалтаңыздан табылатын қойын дәптер

Сіз үнемі асығып жүресіз, бір уақытта біраз іс тындырасыз.  Алақандай ғана қойын дәптерге негізгі ескерер дүниелерді түртіп қойып, жоспармен жүресіз.

Г. Берік