Миллионер жігіттің бейнесін сен де жасай аласың

Миллионер жігіттің бейнесін сен де жасай аласың
Фото: newinform.com

Қалтаңызда бар-жоғы 1000 теңгеңіз болса да, сырт көзге білінбейтін кездер болады. Қымбат жерлерге достарың шақырса, досыңның есебінен тамақ ішіп, сол ортаның адамдарына өзіңді дәрежелес көрсетуге болады. Ол үшін сіздерге шағын ғана кеңес.

1) Шашыңызды айына бір рет қысқартқаныңыз дұрыс. Егер шашыңызды дұрыс күтіп, өскен жерлерін қидырып тұрсаңыз, түріңіз құлпырып тұрғанын өзге жандар бірден байқатады.

2) Киім кигенде сәйкестендіріп кигеніңіз дұрыс. Үстіңізге қызыл жейде, астыңызға сары шалбар, аяғыңызға жасыл кроссовка киіп жүретін бағдаршам емессіз. Егер үйлестіре алмасаңыз, "Бозбаланың" ішіне үңіліп көріңіз, сізге керек материалдар табылып қалар.

3) Әр орынға барғанда киімді ойланып таңдағаныңыз дұрыс. Спортзалға костюм-шалбармен барғаныңыз жиналысқа спорттық киіммен кіргенмен тең. Ал қазір сондай киім киіп жүрсеңіз жылдам қалыпқа келтіріңіз. Әр киімнің киетін жері бар. Сонда ғана сізді ашып, сәніңізді келтіреді.

4) Заттарыңызға ұқыпты қараңыз. Бір кнопкасы жоқ телефон сізді ерекше көрсетпейді. Таза киініп жүріңіз.

5) Жаман әдеттерден аулақ болыңыз. Бұл қиын, әрине. Бірақ, тырысып көріңіз. Қызыңыздың алдына барып көзіңізді қайта-қайта жұмып, болмаса саусағыңызды шытырлатып тұрғаныңыз мәдениеттілікке жатпайды.

6) Парфюмді талғаммен таңдауға тырысыңыз. Қымбатына қаржыңыз жетпесе, әдемі иіс беретін арзанын тұтынғаныңыз жөн. Өзіңізге ұнамайтын иіс су қызыңызға тіптен ұнамайды.

7) Спортпен шұғылданыңыз. Алғаш спорт залына барғанда маңайыңызға жақсылап қарап алғаныңыз жөн. Жалпы қай жерге барсаңыз да бірінші бақылап алғаныңыз дұрыс. Қандай аппаратпен қалай пайдалану керекін жақсылап қадағалаңыз. Білмесеңіз бірінші сұрап алыңыз.

8) Ең маңыздысы, бойыңызда адамдық пен адалдықтың иісі шықпаса, жоғарыда айтылған әңгіменің бәрі бос кетеді. Сондықтан бұл екеуін төсектен тұрғанда алып жүруді ұмытпаңыз. 

B. ZHAQSYMBET