Жалған сөйлейсіз бе? Тест

Жалған сөйлейсіз бе? Тест
Фото: gruppaburatino.blogspot.com

Көпшілік адамдар жақсы қарым-қатынас тек шындықтың нәтижесінде ғана орнайтынын айтады. Алайда күнделікті тұрмыста жақын адамдарымызға да өтірік айтатын тұсымыз болады. Біреуден өзіңізге ұнамаған сыйлық алып қалсаңыз немесе сабақтан нашар баға алып келсеңіз, шындықты айтасыз ба?

Өтірік айту қасиеті кейбір адамдардың қанына сіңіп кетеді. Соның кесірінен шынайы қарым-қатынастың не екендігін түсінбей өтеді. Осы тесттің көмегімен өзіңіздің өтірік айту қасиетіңіз қандай дәрежеде екенін анықтаңыз:

1. Сізді ұялтатындай сұрақ қойылды. Бірінші кезекте не істейсіз?
А) өтірік айтамын
Ә) жауап беруден бас тартамын
Б) барлығын қалжыңға айналдырамын
В) тақырыпты ауыстырып жіберемін
Г) шынайы жауап қайтарамын

2. Ұйқыңызды қимағандықтан сабаққа кешігіп бардыңыз. Ұстаз алдында қалай ақталасыз?

А) оятқыштың даусын естімегенімді айтамын
Ә) көлік кептелісіне тап болғандығымды айтамын
Б) жай ғана кешіккендігімді айтамын
В) отбасыма немесе кіші іні-қарындастарыма байланысты жағдайлар ойлап табамын
Г) өтіріктің барлығын сол мезетте ұйымдастырамын

3. Осы тестке жауап беріп отырған кезде қолыңыз қандай қимыл-қозғалыс жасап жатыр?
А) уақыт өткен сайын қолым ерніме, бетіме тиюде
Ә) мұрнымның үстіңгі бөлігіне тиіп жатыр
Б) әйтеуір қозғалып жатыр
В) бір-бірінің үстінде
Г) бір нәрсені шұқылап жатыр

4. Өтірік туралы айтар болсаңыз … 
А) онсыз өмірді елестету мүмкін емес
Ә) көп жағдайда пайдасы тиеді 
Б) өзіңді құтқару үшін өтірік айтуға болады 
В) ерте ме, кеш пе, өтіріктің беті ашылады 
Г) шындық пен өтірікті пайдаланатын жерлерді білсек болғаны

5. Сіздің өтірік айтып тұрғаныңызды біреу біліп қойса …
А) мұның өтірік екенін айтып, тағы біраз жалтарамын
Ә) не себепті өтірік айтқанымды түсіндіремін
Б) күлемін
В) менде не шаруасы бар екенін айтып, ашуланамын
Г) ұрысамын

6. Ешкімге, ештеңеге қарамастан, шындықты айтатын адамдар дегеніміз кімдер? 
А) ұялатындай әрекеттер жасамаған адамдар 
Ә) өзгелердің көңіліне қарамайтындықтан, үнемі шындықты ғана айтатын жандар 
Б) батыл адамдар 
В) өзіне сенімді жандар 
Г) адал адамдар 

30-ға дейін 

Шындық пен өтіріктің арасында адасып жүрген жоқсыз ба? Өтірік айту қаныңызға сіңген қасиетке айналып барады. Зиянды өтіріктер емес, өзгелерге кесірі тиетін өтіріктерді де айтып жүрсіз. Барлығын есептеп, алдын ала ойластырасыз. Сізге тежелетін уақыт келген сияқты.

31-ден 48-ге дейін

Өсек-аяңға жақын адам секілдісіз. Әрине, өзгенің сырын сақтау қиын, алайда ойыңыздан шығарылған дүниелерді қосып айтудың қандай қажеті бар? Тыңдармандарға қызықты болу үшін бе? Өзгелердің мінін айтып, олардан дәрежеңіздің жоғары екендігін көрсету үшін бе? Бұл мінезден арылғаныңыз жөн.

49-дан 60-қа дейін
Сіз көбінесе қиын жағдайға тап болған кезде өтірік айтасыз. Сол сәтте басыңызға түскен жауапкершіліктен жалтарғыңыз келеді. Сізге батылдық қажет.

61-ден 85-ке дейін
Бір қызығы сіз көңіл-көтеру үшін ғана өтірік айтасыз. Және өтіріктеріңіздің айналаңыздағыларға ешқандай да зияны жоқ. Бірақ, шындықты айтпайтыныңыздың кесірінде жақын адамдарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

85-тен 100-ге дейін
Өтірік айтсаңыз да, өзіңізді ақтап алуға дайын тұрасыз. Өтірік айта отырып өзгелерді ренжіткенді жақсы көресіз. Бұның себебін анықтап көріңіз. Мүмкін өзіңіз бен өміріңізге көңіліңіз толмайтын шығар?!

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік