Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Психология / Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?

Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?

Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?

Жігітті күлкісінен, әжімінен, шалбарынан тану туралы бұған дейін сіздерді құлағдар еткен болатынбыз. Бүгін сіздерге бекзадаларымызды танудың тағы бір жолын ұсынбақпыз. Жұлдыз жорамал... Көпшілік қауым жұлдыздарға иманындай сенеді және жорамалдардың орындалып жататыны тағы бар. Жігітіңіздің құпиясын әлі толық шешіп болмадыңыз ба? Әлде өмірлік жарыңызды таңдау қиынға соғып жатыр ма? Астролог және психолог мамандардың бірлесіп ұсынған кеңестеріне құлақ түріңіз.

Егер торпақ жігітпен қарым-қатынасыңыз жақсы болса, онда әркез әдемі болып жүруге тырысыңыз. Тұмау тиіп я болмаса басқалай ауырсаңыз да шәлі оранып жүргеніңізді сүйіктіңіздің көзі шалып қалмасын. Боянғаныңызды, сәнденгеніңізді, шаш бояғаныңызды, тіпті тіс тазалағаныңызды да оның назарынан тыс жасағаныңыз абзал. Әйтпесе оның ойынан шықпай қалуыңыз мүмкін. 

Тоқтымен қарым-қатынас жасау үшін нәзіктілік пен ұстамдылық қажет. Олар қысым мен өктемділікке шыдай алмайды. Кез келген жерде соңғы шешімді жігіттің айтқаны жөн. Олай болмаған жағдайда орны толмас қателікке ұрынып қалуыңыз әбден мүмкін.

Егіздер белгісіндегі жігіттер әйел ақылдылығын бірінші орынға қояды. Сіздің сәнденгеніңіз бен боянғаныңызға назар аудармайды. Егіздерге жақсы ақылшы бола білсеңіз, жанұялық бақыттың да ұзаққа созылары хақ.

Шаян белгісінде дүниеге келген жігіттер өз аналарын қатты құрметтейді. Және сізден ашық түрде талап етпесе де, соны іштей қалап тұрады. Бала кезден аналық сүйіспеншілікке бөленіп өскен шаяндар, өз үйлері де жылылық пен сыйластыққа толы бақытты орта болғанын қалайды. Енеңізден кейінгі екінші орында болуға келіспеске амалыңыз жоқ.

Арыстан – заң патшасы. Жанұяда да ондай жігіт осы қағиданы ұстанады. Егер арыстаныңыздың айтқанын орындап, айдауына көнсеңіз, тату-тәтті жанұя болатындығыңызға сеніңіз.

Бикеш белгісіндегі жігіттер өте кірпияз болып келеді. Топастық пен сенімсіздікке олар төзе алмайды. Бикеш жұлдызындағы азаматттардың сүйіктілері шаштары мен киім киісіне көп көңіл бөлгендері дұрыс.

Таразылар ұқыптылар мен жинақылар қатарына жатпайды. Олар отбасында өзін басшы санайды. Егер ақылыңыз көркіңізге сай бикеш болсаңыз, ол басшылықты өз қолыңызға алу мүмкіндігіңіз бар. Таразылармен тыныштық пен татулықта ғана бақытты бола аласыз.

Сенімділік пен адалдықты сарышаян жігіттер өте жоғары бағалайды. Егер оның бойындағы туа біткен қасиеттерін бағалай білсеңіз, ол әрбір әйел заты армандайтын махаббат шуағын төгіп, сүйіспеншілікке шомылдыра алады.

   

Мерген жігіттерді уысымда ұстаймын дегенді ойыңызға да алмаңыз. Өзін еркін ұстай алмаса, ол басқа ортаға ауыса салады. Оны қызғансаңыз да, күдіктеніп, қысым көрсетсеңіз де, түк шықпайды. Өмірге мерген көзімен қарауды үйренгеніңіз дұрыс болмақ. Айтпақшы, олар жомарттылықты жоғары бағалайды және өздерінің де қолы ашық болып келеді.

   

Тауешкі жігіттер болашақ балаларына ана болатын өмірлік жарын ұзақ таңдайды. Жақсы көре білу, сенімділік, сабырлылық, қамқорлық қасиеттері сіздің тауешкіге жақсы жар болатындығыңызды дәлелдей алады. Ас дайындай аласыз ба? Жоқ!? Ондай болса, асханаға жүгіріңіз де, үйреніңіз. Тауешкілер үшін бірінші орында – әйелдік қасиет, екінші орында – оның жан дүниесі тұрады.

  Суқұйғыш жігіттер де емін-еркін жүріп тұрғанды ұнатады. Оны бұғаулап ұстап, қателікке ұрынып қалмаңыз. Бұл белгіде туғандар өте жақсы психологтар. Олар адамдармен қарым-қатынас жасағанды жақсы көреді. Суқұйғыштарға күдіктенудің де, оларды сұрақтың астына алудың да қажеті шамалы. Бәрібір шындығын біле алмайсыз.
   

Балық жігіттер өте қиялшыл адамдар. Жандары романтиканы сүйеді. Оған ертегідей тәтті өмір сыйлап, ойынан жиі шығып тұрсаңыз, сіздің қадіріңізді түсініп, барынша бағалап, жақсы жар бола біледі.

Суреттер:myzodiak.info,astrohoro.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Ілмек сөздер: жұлдыз жорамал, жігітті тану, жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді, жігіттер қандай?

Дайындаған:
Кәусар Мұң
Қосылған күні:
17 тамыз 2012, 18:31
Тегтер:
жұлдыз жорамал, жігітті тану, жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді, жігіттер қандай?
144943 12
Рейтинг: +3

Пікірлер
+0
17 тамыз 2012, 12:31

:) суқұйғыштың қыздарыда сондай деп айта аламын

+0
17 тамыз 2012, 13:19

Менің папам - егіздер. Тура сондай, маманың ақылдылығын қайда жүрсе де өте жоғары бағалайды ;)

+0
17 тамыз 2012, 14:12

сарышаян

+0
17 тамыз 2012, 15:28

балықтар сондай :lol:

+0
17 тамыз 2012, 18:31

Балықтар жайлы дұрыс айтқан секілді,басқаларын оқымадым

+0
18 тамыз 2012, 10:15

Биекштерді дұрыс айтыпты. Сарышаянды білмедім расында солай ма екен...

+0
18 тамыз 2012, 15:23

Таразының сондай жігіттерін байқамаппын мінезін..)) :P

+0
20 қаңтар, 13:29

ya, tura sondai torpaktar

+0
20 қаңтар, 15:13

Шынында да бари дал келе ме? Мен сенбеймин...

+0
20 қаңтар, 15:52

Менде солай ойлаймын!Бари озимизге байланыстыгой!

+0
20 қаңтар, 16:17

Бирак меники келеди екен!Тауешки!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Ата-әжеңнің ерлігін Массагетте жарияла
Ата-әжеңнің ерлігін Массагетте жарияла

Биыл Жеңіске 70 жыл толады. Осы айтулы күнге байланысты "Жеңіс күні" атты арнайы...

"Жұлдыз FM" радиосы мен Массагет порталы жастарды жұмысқа қабылдау мерзімін ұзартты

Массагет порталы бұл жолы тек қана қыздарды жұмысқа шақырады.

Жанар
Жанар

Бұл ақынның жанары...

Бұл қызық
Бұл қызық

Поляктар жаңа спорт түрін ойлап тапты

3D-суреттер әлеміне саяхат
3D-суреттер әлеміне саяхат

3D-суреттер әлеміне фотосаяхат... .


Соңғы аудармалар

Red Velvet – Ice Cream Cake [қазақша субтитрмен]
Red Velvet – Ice Cream Cake [қазақша субтитрмен]

Red Velvet – бес қатысушыдан құралған оңтүстік кореялық girl-группа. 2014 жылы әйгілі SM Entertainment компаниясы негізін қалаған. 2014 жылдың 1 тамызында топ өзінің «Happiness» атты алғашқы синглын шығарды. Топтың образы атауынан көрінеді. «Ice Cream Cake» альбомы жарияланған күнінен-ақ апталық  Gaon чартын бастаған. Жақында топ оңтүстік кореялық музыка бағдарламасында 1 орынға ие болды. LVOE фансаб-тобы аударған «Ice Cream Cake» бейнебаянын қазақша субтитрмен...

DBSK – DARKNESS EYES [қазақша субтитрмен]
DBSK – DARKNESS EYES [қазақша субтитрмен]

동방신기 (Тонбансинги) — 2003 жылы құрылған кореялық поп-группа. Топ мүшелері сахнаға шыққанда-ақ өздерінің аса дарынды әнші, биші екендіктерін көрсетті....

Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (5-бөлім)
Ештеңе етпейді, бұл – махаббат / It’s Okay, It’s Love (5-бөлім)

Түпнұсқа атауы: It’s Okay, It’s Love Мемлекет: Оңтүстік Корея Жанры: мелодрама, комедия Жылы: 2014 Серия саны: 16 Рөлдерде: Ин Сон Чо, Хё Чжин Гон, Дон...