Кәсіпкерлерге пайдалы 8 кеңес

Кәсіпкерлерге пайдалы 8 кеңес
Фото: rusrep.ru

1. Ерте тұру.

Табысты адамдар әдетте құстар секілді ерте тұрғыш болады.Таңғы уақыт бұл – маңызды істерді, маңызды шешімдерді қабылдайтын және жаңа жетістіктерге жетелейтін күннің бір бөлігі. Таңғы 5-те тұруды дағдыға айналдырған адамдар өмірдің ұзақтығын және мәнін түсіне алатындығын дәлелдеген.

2. Кітап оқу.

Егер сіз күніне теледидар және компьютер алдында өтетін уақытыңызды кітаптан қызықты мағлұмат алуға жұмсайтын болсаңыз, онда сіз достарыңыздың арасындағы ең парасатты адам қатарынан көрінесіз. Алға қойған мақсаттарыңыз өздігінен орындалады. «Жақсы кітап оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан еш айырмашылығы жоқ» – деп Марк Твен өз нақыл сөздерінде айтқан болатын.

3. Ықшамдау.

Ықшамдау – қажет емес нәрселерді ысырып тастап, тек өзіне қажеттіні ғана айта білу қасиеті. Барлық нәрселерді ықшамдай білу керек және олардың барлығы да ықшамдалады. Осы арқылы керек емес дүниелерден құтыла аласың. Ықшамдай білу қасиеті оңай жұмыс емес, оны игеру үшін көптеген тәжірибе және дұрыс бағыттағы көзқарас керек. Бұл қасиетті игеру қиын болғанымен мұның пайдалы жақтары бар: есте сақтау қабілетін қажетсіз нәрселерден тазартады және уайым мен стресстен арылтады.

4. Асықпау.

Күнделікті күйбең тіршіліктің арасында өмірдің рахатын сезіну мүмкін емес. Өзің үшін белгілі бір уақыт бөліп тынығу керек. Асықпаңыз және өзіңіздің ішкі жан дүниеңізге құлақ түріңіз. Бәсеңдеңіз және мағыналы істерге көңіл бөліңіз. Егер сіз ерте тұруға дағдылансаңыз, онда сіз барлығына да үлгересіз. Сол уақыт аралығында сіз еркін демалып, ойлануға, рухани құндылықтарыңызды байытуға мүмкіндік аласыз. Сіз қол жеткізе алмай жүрген мақсаттарыңызға асықпау арқылы оңай қол жеткізуге болады.

5. Жаттығулар.

Қозғалыстың жоқтығы денсаулықты құртады, сол уақыттағы медодикалық, физикалық жаттығулар оны сақтап қалуға көмектеседі. Физикалық жаттығуларға уақыт жоқ деп ойлайтын адамдар ертелі-кеш ауру үшін уақыт табатын болады.Сіздің денсаулығыңыз – сіздің жетістігіңіз. Арнайы программалар арқылы спортпен үйден шықпай-ақ шұғылдануға, сондай-ақ абонементсіз жаттығу залына баруға болады (мысалы, жүгіру).

6. Күнделікті тәжірибе.

Адам неғұрлым тәжірибе жинақтаса, соғұрлым оның ісі сәтті болады. Кездейсоқтық па? Сәттілік – бұл тәжірибелер мен мүмкіндіктердің кездесетін орны. Талант жаттығусыз өмір сүре алмайды. Талант әрдайым қажет бола бермейді, оның орнын сенің іске икемді болуың баса алады.

7. Қоршаған орта.

Бұл аса маңызды дағдының бірі. Ол басқаларға қарағанда сізді сәттілікке жақындатады. Егер сіздің айналаңызда көптеген жаңа идеясы бар, көңілді, ынталы адамдар болса, онда бұл сіз үшін ең үлкен қолдаудың бірі болмақ. Сіз бұл жерден өзіңізге керекті пайдалы кеңестерді, бір іске түрткі болатын нәрселерді және шексіз қолдауға ие боласыз. Егер сіз өз жұмысын жек көретін адамдармен араласатын болсаңыз, олар сізге көңіліңіздің қалуы мен күйзелістен басқа не әкелмек? Сіздің өміріңіздегі жетістіктер сізді қоршаған жандардың жетістігімен тікелей қатысы бар десек қателеспейміз.

8. Алғыс айту журналы.

Сіз өзіңізде бар нәрселерге алғыс айтып, жақсылыққа ұмтылыңыз. Өмірдегі мақсатыңызды анықтау арқылы сіздің мүмкіндіктеріңізді білуге болатынына сенімді болыңыз.

Дереккөз: szh.kz

Ж. Исакаев