Адамдарға әсер еткіңіз келсе...

Адамдарға әсер еткіңіз келсе...
Фото: Даша Васильева

Психологиялық кітаптар адамға әсер етудің ең басты 6 қағидасын ұсынады. Көндіру дегеніміз – адамды алдау емес, оған заттың не үшін қажет болуы мүмкін екенін түсіндіру.

1. Өзара әсер ету. Бұл қағида адамның алған тауарға ақша төлеуімен тікелей байланысты. Яғни көмек көрсеткені үшін алғыс білдіру.

2. Қажеттіліктер мен оның салдары. Ережеге сәйкес, адамдар берген уәдесін орныдауға құмар келеді. Сол себепті бірден келісімшарт жасауға кіріскен жөн. Адамдар қандай жағдай болмасын құжатта жазылғанды орындауға тырысады.

3. Қоғамдық сенім. Әдетте адамдар барлығын сырттай бағалауға құмар келеді. Қарапайым мысал келтірсек, ашық топтарда адам саны көп болған сайын, оған жаңадан жазыламын деген адамдардың да саны арта түседі. Яғни адамның жеке пікірі қоғамға тікелей тәуелді.

4. Бедел. Адамдар сөзі нанғысыз болса да, беделді тұлғалардың пікіріне құлақ асады. Сол себепті бір адамды көндіру барысында беделді тұлғалардың дәйек сөздерін пайдалануға болады.

5. Ұнату. Тәжірибемізге сүйенсек, өнімді сұлу адам жарнамалаған сайын, оны сатып алушылардың да саны екі есе екенін байқаймыз.

6. Жетіспеушілік. Бір тауар жетіспесе, оның қажеттілігі екі есе артады. Ал сұраныс бар жерде өнім бар. Яғни тауар санының неғұрлым аз екенін айту арқылы оны көбірек сата аласыз.

Ж. Өрісбай