Қызғаныштың қырық досы бар

Қызғаныштың қырық досы бар
Фото: amur.kz, Ольга Орлова

Қызғаныш сезімі қыз бен жігіттің қарым-қатынасы қызған шағында өте жоғары деңгейде көрініс табады. Ері әйелін қызғануы табиғи нәрсе. Бірақ қызғаншақтықтың да өз реті бар, өз жөні бар. Сүйгенін болмашы нәрседен қызғанатын адамдар неге жаман ойлайды? Қызғаныш сезімі адам бойында ешқашан жалғыз жүрмейді. Оның өз соңынан ертіп жүретін тағы бірнеше «досы» бар. Олар қандай «достар»? Қызғаныштың арғы жағында тағы қандай сезімдер бар?

Реніш. Қызғанышқа бой алдырып, сыңарының сезіміне күмән келтіріп, сенімсіздік танытқан адамдар әдетте ренжігіш келеді. Оның ішкі жан-дүниесі реніш пен өкпеге толы болады. Реніш жүрген жерде махаббаттың таңы шуақты, сезімдердің дәмі тәтті бола алмайды.

Сенімсіздік. Қызғаныш сенімнің берік болмауынан пайда болады. Сенім сезімдерге тірек болғанда ғана сүйгеніңізді қызғануды доғарасыз. Оны болмашыдан қызғанып, әр сөзін өтірікке санап күмән келтіре берсеңіз, сіздің сеніміңіздің күлі көкке ұшқаны.

Өзімшілдік. Қызғанышқа бой алдыратын жандар көбіне өзімшіл болып келеді. Олар тек өздерінің сезімдерінің жетегінде ғана жүреді. Олар сүйгенінің тек өзіне ғана сөйлеп, тек өзіне ғана күлімсірегенін қалайды. Сөйтеді де оны тілдескен кез келген адамынан қызғана береді.

Жеккөрушілік. Сүйіп тұрып жек көру сезімі сүйіп көргендерге жақсы таныс дүние. Себепсіз қызғанудан шаршап, бір-бірінің жүйкесі мен жүрегіне ауырлық салған екі жас бірін-бірі жеккөре бастайды. Қызғаныштың соңы жеккөрушілікке әкеп соғады.

Ұқсас жазбалар:

Сезімді санаға жеңдіру не үшін керек? 

Алғашқы кездесуде қыздың көңіліне жағатын 5 сөз

 

А. Әбілхан