Жеңіске жетудің бір жолы – үрейді жеңу

Жеңіске жетудің бір жолы – үрейді жеңу
Фото: top-desktop.ru

Қобалжу, қорқу, үрей – жетістікке жету жолында сүріндіретін сезімдер шоғыры. Бар ерік-жігеріңіз бен күш-қуатыңызды бұл сезімдердің құрсауынан шыға алмай қалуына жол бермеңіз. Жеңіс – тек ержүректердің ғана қолында екенін ескертіп, осы тақырыпта жадыңызда ұстар бірнеше кеңес айта кеткіміз келеді.

1. Қобалжуды басыңыз.
Бойыңызды билеген үрейді басып, терең тыныстаңыз. Осы сәтте аяқ дірілдету, қалам не саусақ тістеу, үстелді тырсылдату сияқты әдеттер санаңызға бағынбай, автоматты түрде шығып кетіп жатады. Сондықтан, еркін болыңыз, бойыңызды тіктеп отырыңыз да, тек жақсы нәрселер туралы ойлаңыз.

2. Жүрек соғысыңыздың бірқалыптылығын сақтаңыз. 
Сіз бірнәрседен қорқып қалғанда, бүйрек үсті безі жүрек қағысын арттыратын норадреналин гормонын бөледі екен. Бұл сәтте жүзіңіз қуарып, көгеріп кетеді. Жанарыңыз шарасынан шығардай болып үлкейіп, терлеп-тепшіп кетесіз. Сондықтан, өз-өзіңізді қолыңызға ұстаңыз.

3. Өз-өзіңізді ретке келтіріңіз.
Жоғарыда аталған гормонның әсері сіздің тек ішкі емес, сыртқы тұлғаңызға да әсер етеді. Яғни, қобалжыған сәтте теріңіз тітіркеніп, шашыңыз үрпейіп кетеді. Бұл жағдайда сіз ыстық шай ішіп, тітіркенген денеңізді қалпына келтіріңіз. Бетіңізді салқын сумен жуып, өзіңізді ретке келтіріңіз.

4. Қобалжуыңызды сыртқа көрсетпеңіз.
Мысалы сіз жұмыс бабымен қолға алған бастамаңызды жоба ретінде басшылыққа таныстырғалы жатырсыз. Айналаңызда сізден басқа өзіңіз секілді мамандар да бар. Сіздің бұндай сәтте қобалжуыңыз орынды. Алайда, көп ішінен дараланып, топ жару үшін бұл сезіміңізді өзгелерге көрсетпеңіз. Әйтпесе, мысыңыз басылып қалады. Олар қолыңыздағы парақтың дірілдеп тұрғанынын көрмеуі тиіс. Мақсатыңызға жету жолында сізге ешкім де, ешнәрсе де бөгет болмауы керек.

Оған қоса, қобалжуды басатын тағамдар тізімі бар. Олармен де таныс бола отырыңыздар:

Сүт. Оның құрамындағы минералды заттар денедегі қысымды төмендетеді. Ағзаңыздың протеинмен сусындап, жүрек қағысыңыздың ретке келуіне септігін тигізеді. 
Саумалдық. Оның құрамында жақсы көңіл-күй сыйлайтын В дәрумені бар. 
Банан. Бұл – жүйкені тынышталдыратын және ұйқыны реттейтін жеміс. 
Сиыр еті. Сиыр етінің құрамында мырыш, темір және В дәрумені бар. Олар көңіл-күйді бір қалыпқа түсіреді. 
Шоколадтағы жержаңғақ. Бұл — сергітіп, жүйкені реттейтін тәтті тоқбасар. 

Ұқсас жазбалар:

Өзгергіңіз келсе...

Жаман әдеттен қалай арыламыз?

Е. Жұмабайұлы