Спорт нені сүймейді?

Спорт нені сүймейді?
Фото: sumki.y7z.ru

Спорт та махаббат пен тәртіпті талап етеді. Оған селқос қарауға болмайды. Сен спортты сүйсең, ол да сені сүйеді. Ал спортта шаруаң болмаса, ол да сені өзіне қарай жетелемейді. Спортқа санамен ғана  келу керек.  Бүгін біз сіздерге спорт сүймейтін бірнеше дүниелер жайында айтпақпыз. 

* Спорт жалқаулық пен еріншектікті сүймейді. Өйткені бұл екеуі спорттың ата жауы саналады. Еріншектік жоқ жерде спорттың таңы атады. Бірақ еріншектер мен жалқаулардың орны - спорт залдары емес. 

* Спорт ұйқыны сүймейді. Ұйқы мен спорттың соғысы таңертең тәтті ұйқы кезінде басталып, түскі ұйқыға барып ұласады. Ұйқыға деген махаббат басым жерде ешқашан спорттың дәурені жүрмейді. Өйткені ұйқы да еріншектік пен жалқаулықтың қолшоқпары саналады.

* Спорт ластықты сүймейді. Спорт тазалықты қатты талап етеді. Адам спортпен айналысқанда денесінен артық тер шығып, ол сол күйінде тұра берсе жағымсыз иіс шыға бастайды. Сондықтан спорттық киімдерді үнемі таза ұстау керек. Бір киген шұлықты екінші рет жумайынша кимеуді және әр жаттығу сайын жуынып тазалануды әдетке айналдыру керек. 

* Спорт тәуекелшіл еместерді сүймейді. Спортта тәуекел жасаудың маңызы зор. Өйткені қорқақтық пен жасықтықтың спортта түкке де керегі жоқ. 

* Спорт өзін-өзі сүймейтіндерді сүймейді. Спортқа келген адам өзін өзін жақсы көру керек. Өзінің дене-бітімін, өзінің болмысын сүюі керек. Сонда ол уақыт өте өзінің де өзгерістерін байқай бастайды. 

Ұқсас жазбалар: 

Бүйіріміз жүгіргенде шаншымау үшін

Жүгіру жылдамдығын қалай арттырамыз?

А. Әбілхан