Билл Гейтс "инстаграмм" желісінде жеке парақшасын ашты

Билл Гейтс "инстаграмм" желісінде жеке парақшасын ашты
Фото: the-steppe.com

Әлемдегі ең бай саналып келген Microsoft брендінің негізін қалаушы Билл Гейтс жақында инстаграмм желісін ашты. Бұл туралы «Форбес» ақпарат беріп отыр.

Ең қызығы өз өнімін тұтынбайтын, әлеуметтік желіден алыс жүретін әлемдегі ең бай адамның өз жеке парақшасын ашуға не себеп болды екен. Бәлкім бір себеп те бар. Бірақ әзірге бұл жайлы толық ақпарат көзі жоқ.

 

Билл Гейтс ендігі 3-4 суретін инстаграмм желісіне жүктеп үлгерген. Оның қазір 360 мыңнан астам жазылушысы бар. Ал өзі 50- ге жетер-жетпес адамға жазылған. Олардың ішінде Марк Цукерберг, Роджер Федерер, НАСА ғарыш орталығының ресми парақшалары бар.

Билл Гейтс өзінің аккаунтын: @thisisbillgates.  деп көрсеткен. 

М. Ақан