Балаларға Жаңа жыл мерекесін қалай ұйымдастырамыз?

Балаларға Жаңа жыл мерекесін қалай ұйымдастырамыз?

Бір жыл бойы асыға күткен мерекеміз де жақындап қалды. Алдымызда тек үлкендерге емес, балаларға арналған кеш ұйымдастыру мәселесі де тұр. Неден бастаймыз?

Әр мереке қонақтардың жасына, қызығушылығына лайық өтуі тиіс. Алайда, 1-3 жас аралығындағы балалар ата-анасының көңіл күйіне тікелей тәуелді. Сол себепті, оларды кім алып келетінін де ойластыру керек.

Қонақтар көп болмағаны жөн. Жаңа жылдық мерекені екі балаға арнап та өткізуге болады. Алайда, Жаңа жыл қарсаңында шақырған қонағыңыз ауырып қалып, ешкім келмей қалуы мүмкін. Дұрысы – 3-4 баланы қатар шақыру. Шақыртуды алдын ала жіберу керек.

Жеңіл ойындар ойластырыңыз. Қонақтардан көмек сұрауға ұялмаңыз. Жұмыла көтерген жүк – жеңіл.

Мерекеге лайық жер. Бөлмеде ойыншықтар немесе артық нәрселер болмағаны жөн. Сонда балалар ойыншыққа таласпайды. Мүмкіндігінше бөлмені босатуға тырысыңыз. Балалар әртүрлі болады. Бірі – тез шаршап, жалғыз отыруды жөн көруі мүмкін. Сондықтан, демалуға арналған бөлек бөлме дайындаңыз.

Ешкімнің ұйқысы, тамақ ішкісі келмейтіндей уақыт таңдаңыз. Бұл туралы ата-аналарымен ақылдасып алғаныңыз жөн. Және мерекелік кештің қаншада аяқталатынын хабарлаңыз.

Үнемі музыка қосып қоюдың қажеті жоқ. Оны тек ойын барысында пайдаланылған дұрыс.

Печенье, жеміс-жидек, компот сынды жеңіл тағамдар ұсыныңыз. Жасы үлкен балаларға жаңа дүние ұсыну керек болса, жасы кішілер әдеттегі ойындарды ұнатады. Кешті бір ғана адам жүргізгені дұрыс. Бірақ, жүргізушіге көмекшілер қажет. Ойын барысында қиын тапсырмалар берудің қажеті жоқ. Міндетті түрде белсенді және отырып ойнайтын ойындарды кезектестіру керек. Мысалы:

1. Хоровод
2. Кішігірім театрлық қойылым
3. Белсенділікті қажет ететін ойындар
4. Балаларды тыныштандыратын ойындар
5. Шығармашылықпен айналысу
6. Қоштасу хороводы
Жасы кіші балаларға ойын ұйымдастыру өте оңай:
Хоровод барысында аққалаға арналған қарды домалатуға болады. Бірақ, аққаланы әркім бөлек жасауы тиіс. Әйтпесе, таласып қалады. Кеш соңында жақсы әуен қосып, шыршаны айналып жүруді де ұмытпаңыздар.
Балалар ата-анасының қуыршақ кейпіне енгенін жақсы көреді. Осыған орай, қойылымға жақсы ертегі таңдап, ата-аналармен келісуіңізге болады.

Белсенді ойындар
Балаларға қар секілді айналуға ұсыныс жасаңыз. Мұнымен қатар, қағаздан қар кесіп, оны жауғызуыңызға болады.
Алдын ала бөлме ішіне жұмсақ ойыншықтарды тығып, балалардан оларды алып келуін өтініңіз.

Мерекелік кешті қалай аяқтаймыз?
Кештің соңында балалар қатты шаршап, үйлеріне қайтуға келіспей қоюы мүмкін. Сол кезде үйіне қайтқан адамға сыйлық беретініңізді айтыңыз. Жоғарыдағы кеңестердің пайдасы тиер деген үміттеміз. Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай