Әлемдегі ең ерекше шыршалар

Әлемдегі ең ерекше шыршалар

Әлемнің әр бұрышы өз қуанышы, өз халқының бақытына сай болатындай етіп жаңа жылды қарсы алып жатады. Дәулеті мен сәнін әлем алдында паш етудің бір жолы ретінде жаңа жылдық шыршаны да ерекше, есте қаларлықтай етіп жасайды. Назарларыңызға осындай ерекше шыршалардың бір тобын іріктеп ұсынып отырмыз.

Таудағы шырша

1981 жылы Инжино тауында (Италия) бірнеше ондаған ерікті 730 түрлі түсті прожекторымен қоса 8,5 шақырымға электр кабельдерін жүргізеді. Бұл - биіктігі 650 метр, ал ені 350 метр болатын шырша іспеттес иллюминация. Ал иллюминация жанған кезде Инжино тауы суреттегідей көрініске ие болады (50 шақырым қашықтықтан көрінеді).

Лондонға сыйлық

Өткен 65 жылдан бері Норвегия Трафальгар алаңында осы мемлекеттегі ең ерекше жаңа жыл шыршасы безендіріледі. Бұл шыршаның мәні зор. Астана Осло қаласы ІІ Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Лондон қаласы тұрғындарының көмегі үшін осы шыршаны қойып, оларға рақметін айтқан. Бұл шыршаның биіктігі 65 фут (шамамен 19 метр) екен. Шыршаны жағу салты 6 желтоқсан болған.

Чикагодағы ерекше шырша

Былтыр, яғни 2013 жылы Чикаго қаласы 99-шыршасын жақты. Олар 1913 жылдан бері қарай Грант саябағында әр жылы қалаға үздіксіз бас шырша қойып келе жатқан. Бұл шырша Чикаго қаласынан 161 шақырым жердегі Петели ауданынан әкелінген екен. Тек 1966 жылдан бері қарай қаланың бас шыршасы Дейли алаңында жағылатын болған. Ал осы жылғы шыршаға 14 600-ден астам түрлі түсті шырақтар ілінген.

Нидерландыдағы ең ерекше шырша

Нидерланд елінің 2013 жылғы жаңа жылдық шыршасы биік мұнараға мыңдаған шарық шамдарды ілу арқылы жасалынған. Әр жылы шырша үшін бүкіл ел халқынан ақша жинап, жаңа жылдық шырша жасайды екен. Гербрандиторен мұнарасына қойылған шыршаға 65 мың еуро жұмсалған. Мұнараның биіктігі 372 метр, бұл Нидерландтағы ең биік мұнара болып есептелінеді. Бұл шырша ауа райы ашық күндері 30 шақырымнын көрінеді екен.

Рио-де-Жанейродағы ең ерекше шырша

Бразилиядағы алып шырша 2013 жылы бүкіл әлемді таңдай қақтырды. Бұл шыршаның ашылу салтанатына әлемдік эстраданың жұлдыздары қатысқан екен. 28 қабатты ғимаратпен тең шыршаның биіктігі - 85 метр, салмағы - 542 тонна, 3 миллион 100 мың түрлі түсті шырақтар ілінген. 120 000 метрлік жарық сымдар пайдаланылған.

Сурет: mobilmusic.ru

M. Auelkhan