Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған.

Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған.

Сондай-ақ, Жаңа Жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толассуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді.

Бірақ орта ғасырларға дейін көптеген елдерде егін шаруашылығының бастауы мен өнім жинаудың аяқталуына байланысты Жаңа Жыл көктемде немесе күздің аяғында өткізілетін болған. 1600 жылдары аталған мерекенің тойлану уақыты күзден қыстың бас кезіне ауыса бастайды. Кейіннен бірінші қаңтарға ығыстырылғанымен, Григориан күнтізбесі енгізіліп, Жаңа Жыл он үш күнге созылады. Сол себепті әзірге дейін ескі жаңа жыл ресми болмаса да, 13 қаңтар күні тойланып келеді.

Сурет: www.torange.us

Ж. Өрісбай