Ким Су Хён / Kim Soo Hyun / 김수현

Аты-жөні: Ким Су Хён / Kim Soo Hyun / Kim Su Hyun / 김수현
Мамандығы: актер, әнші, модель
[b:mmw9ytgw]Туған күні:[/b:mmw9ytgw] 16 ақпан 1988 жыл
[b:mmw9ytgw]Туған жері:[/b:mmw9ytgw] Оңтүстік Корея
[b:mmw9ytgw]Бойы:[/b:mmw9ytgw] 180 см
[b:mmw9ytgw]Салмағы:[/b:mmw9ytgw] 65 кг
[b:mmw9ytgw]Жұлдызы:[/b:mmw9ytgw] Суқұйғыш
[b:mmw9ytgw]Қан тобы: [/b:mmw9ytgw]АВ (ІV)
[b:mmw9ytgw]Хобби:[/b:mmw9ytgw] фотография
[b:mmw9ytgw]Ерекшелігі:[/b:mmw9ytgw] солақай, бірақ жүргізуші ретінде оң қолын пайдалана алады
[b:mmw9ytgw]Жағымсыз әдеті: [/b:mmw9ytgw]шылым тартады (темекімен кадрға түспеуге тырысады)
[b:mmw9ytgw]Агенттігі:[/b:mmw9ytgw] KEYEAST Entertaiment
Ким Су Хен – «Арманшылдар» (KBS) дорамасындағы Сон Сам Дон рөлімен және «Ай құшағындағы күн» (MBC) атты тарихи дорамадағы Чосон династиясының патшасы Ли Хвон рөлімен танылған Оңтүстік Корея актері. 2007 жылы «Kimchi Cheese Smile» (MBC) ситкомымен дебют жасаған. «Арманшылдарға» дейін «Гигант» (SBS, 2010) және «Будет ли снег на Рождество?» (SBS, 2009) сынды телехикаяларда басты рөлдегі актерлердің балалық шағын сомдап көрермен назарын өзіне аудара білді.
Ким Су Хен 80-жылдарда танымал болған, әндері бүкіл елге жайылған «Seven Dolphins» деп аталатын рок-группаның мүшесі, әрі әнші Kim Chung Hun-нің отбасында дүниеге келген. Ол орта мектеп жасында өте момын болған, оны сахнадан көреміз деп ешкім ойламаса керек. Табиғатынан берілген жуас мінезін жеңу үшін ол орта мектеп кезінде ең алғаш сахнаға шыға бастады. Сценарий оқып, мектеп қойылымдарында ойнай бастаған соң актер болуды ойлады. Чанан университетіне «Театр актері және кино» мамандығына түсті, 2003 жылдан бастап мюзиклдерде ойнады.
Су Хен 2007 жылы «Kimchi Cheese Smile» атты ситкоммен телеарналарда дебют жасады. Содан соң 2008 жылы «Jungle Fish» және 2009 жылы «Father's House» жобаларымен көзге түсе бастады. «Father's House» деп аталатын мини-дорама екі бөлімнен тұрды, бұл дорамада Су Хен танымал актер Choi Min Soo-мен бірге түсті. Сонымен қатар, «Гигант» (SBS, 2010) және «Будет ли снег на Рождество?» (SBS, 2009) атты дорамаларда басты рөлдегі актерлердің балалық шағын сомдап ең алғаш танмалдылыққа ие болды. 2009 жылы қысқаметражды фильмдер фестивалінде «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алған «Worst Friends by Namkoong Sun» атты фильмге түсті. Дәл осы жылы "Sonyeon Sonyeo Gayo Baekseo" шоуының жүргізушісі болды.
2009 жылы «Boys over Flowers» дорамасындағы өз-өзіне қол салмақшы болған жігіттің рөліне өз бағын сынап көрген болатын, алайда режиссердің көңілінен шықпаған соң, бұл рөл Jung Eui Chul-ге бұйырды.
Ким Су Хен 2011 жылы «Dreams High» дорамасындағы музыка данышпаны болып шығатын ауылдық жігіттің рөлін сомдап танымалдылығы одан сайын арта түсті. Ешқандай да тәжірибесі жоқ жас актер үш айдың ішінде JYP Entertainment-те ән айтып және би билеп үйренді. Күніне бірнеше сағаттын жаттықты. Осы дораманың екі саундтергі – «Dreaming» және «Dream High» әндерін жазуға қатысты. «Dreaming» әнінің фанаттарға ұнағаны соншалық, дорама аяқталған соң Ким Су Хен «М! Countdown» шоуында арнайы нөмірмен шығып, тікелей эфирде осы әнді орындады. Сондай-ақ, «Dream High»-дің екінші маусымында эпизодтық рөлдердің бірінде ойнады.
Көрсетілім рейтингі бойынша 42,2% жинап бірінші орын алған «Ай құшағындағы күн» (Солнце в объятиях луны) дорамасындағы рөлімен оның танымалдылығы кенет артқан болатын. Актер бұл дораманың да саундтрегін жазуға қатысты. Музыкалық чарттардың алдын бермеген Су Хеннің орындауындағы бұл саундтрек «Only You» деп аталады. Кейінірек «2012 Baeksang Arts Awards»-те «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Номинанттардың ішіндегі ең жас актер болғандықтан оның бұл жеңісін қызу талқылады.
Осы дорамадағы табысты рөлінен кейін бір мезгілде 17 брендке модель болу арқылы жаңа рекорд жасады. Ноутбук, фотоаппарат, костюм, косметика, спорттық киімдер, кофе, пицца, балмұздақ, сусындар, сыра, кондиционер, т.б. жарнамалады. Кейбір ақпараттардың айтуынша, актер жарнама келісімшартынан 6 млрд. вон ($ 5,3 млн.) ақша тапқан (әдетте, А категориясындағы танымал корей жұлдыздары 300 млн. мен 350 млн. вон аралығында ақша табады).
2012 жылы Ким Су Хен «Одиннадцать друзей Оушена» фильмінің корейлік нұсқасы деп санайтын «Воры» атты фильмге түсті. Оның кейіпкері Чампано – Макао казиносындағы құны 40 млрд. вонды құрайтын бриллиантты ұрлау үшін біріккен корей және қытай бандалар тобының ең жас мүшесі. Және осы жылы «Тайная миссия» (Secretly, Greatly) фильміне түсті. Бұл фильм солтүстік Корея тыңшыларының жетекшісі Вон Рю Хван хикаясы жайында. Вон адамның ойын оқи алады, бірақ қарапайым, ауылдың аңқау жігіті болып көрінеді. Түсірілім 2012 жылы шілде айында басталған. Оңтүстік Кореяның кассалық фильмдерінің қатарынан орын алады. Сатылымның алғашқы күнінде-ақ 498 282 билет сатылып, бірінші күні 450 000 билет сатылған 2006 жылғы "Призрак" атты фильмнің рекордын бұзды. Екінші күні фильмді 919 035 көрермен тамашалаған. 72 сағаттан кейін көрілім саны 2 миллионға жетіп кезекті рекорд жасады. 5-ші күні 3 миллионға жетті. Бір жетінің ішінде 3 491 294 көрермендер тамашалап, Голливудтық блокбастер «Трансформери»-дің рекордынан асып түсті.
2012 жылы Ким Су Хен Оңтүстік Кореядағы Ұлттық Туризм ұйымының елшісі болып тағайындалды. 2012 жылы маусым айында 2012 жылғы Лондондағы жазғы олимпиадаға қатысатын көпшілікке танымал жүзуші Пак Тэ Хванды қолдау ретінде «Marine Boy» атты бейнебаян және ән шығарды.
2013 жылдың соңына қарай Жер ғаламшарына осыдан 400 жыл бұрын тап болып, өзінің ғашығын қазіргі өмірден кездестірген жат планеталықтың хикаясын баяндайтын «Человек со звезды» дорамасында басты рөлді сомдады. Дорама көпшіліктің көңілінен шықты. Осы дораманың арқасында тек қана Кореяда емес, сонымен қатар Қытайда да үлкен танымалдылыққа ие болды. Осыдан кейін көбінесе оны Қытайда өте танымал Корея актері Ли Мин Хо-мен салыстыра бастады.


[b:mmw9ytgw]Дорамалары:[/b:mmw9ytgw]
• Жұлдыздан келген адам / Man from the Stars / Человек со звезды (SBS,2013)
• Ай құшағындағы күн / The Moon that Embraces the Sun / Солнце в объятиях луны (MBC, 2012)
• Арманшылдар 2 / Dream High Season 2 / Одержимые мечтой 2 (KBS, 2012) cameo, эп. 1
• Арманшылдар / Dream High / Одержимые мечтой (KBS, 2011)
• Алып / Giant / Гигант (SBS, 2010)
• Father's House / Отчий дом (SBS, 2009)
• Will it Snow at Christmas? / Будет ли снег на Рождество (SBS, 2009)
• Jungle Fish (KBS, 2008)
• Kimchi Cheese Smile (MBC, 2007)

[b:mmw9ytgw]
Фильмдері:[/b:mmw9ytgw]
• Құпия тапсырма / Secretly, Greatly / Тайная миссия (2012)
• Ұрылар / The Thieves / Воры (2012)
• Worst Friends / Худшие друзья (2009)


[b:mmw9ytgw]Тв-Шоу:[/b:mmw9ytgw]
• Running Man / Бегущий человек (SBS, 2012 - 2013) эп. 102, 147
• Happy Together / Счастливы вместе (KBS, 2011) эп. 177
• Sonyeon Sonyeo Gayo Baekseo (2009) ведущий

[b:mmw9ytgw]Жарнамалық роликтері:[/b:mmw9ytgw]
• 2013 Ziozia
• 2013 Petitzel Squeeze Orange
• 2012 Samsung Electronics, smart printer
• 2012 Jia Geo
• 2012 Pigeon
• 2012 J.ESTINA
• 2012 Enjerineoseukeopi
• 2012 Kas Oriental Brewery
• 2012 Samsung Series 9 Laptop New
• 2012 Korea Yakult R & B
• 2012 CJ CJ
• 2012 Prospect W
• 2012 LG Household & Health Care Beyond
• 2012 Outdoor Bean Pole
• 2011 Domino's Pizza
• 2011 SK-II
• 2011 Canon
• 2011 Spris
• 2011 SKT iPhone
• 2010 Lotte Chilsung Beverage 2%
• 2010 Aendyu
• 2010 Lotte excitement


[b:mmw9ytgw]Фотосессиялары:[/b:mmw9ytgw]
• Kim Soo Hyun для Dazed & Confused November 2013 Extra
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA Winter 2013
• Kim Soo Hyun для Dazed & Confused November 2013
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA F/W 2013 Ads
• Kim Soo Hyun для GRAZIA Korea August 2013
• Kim Soo Hyun для Harper’s Bazaar Man March 2013
• Kim Soo Hyun для SURE April 2013
• Kim Soo Hyun для Elle November 2012
• Kim Soo Hyun, Suzy для Bean Pole Outdoor 2013 CF
• Kim Soo Hyun, Suzy для Bean Pole Outdoor SS2013 Ads Extra
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA Spring 2013 Ads
• Kim Soo Hyun, Suzy для High Cut Vol. 88 Extra
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA Winter 2012 Ads
• Kim Soo Hyun, Suzy для High Cut Vol.88 Extra
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA Fall 2012 Ads
• Kim Soo Hyun для First Look 2012
• Kim Soo Hyun, Yuna Kim для Prospecs W’s "Get Slim" 2012
• Kim Soo Hyun, Suzy (Miss A) для High Cut Vol. 83
• "The Thieves" для Cine21.com
• Kim Soo Hyun для MovieWeek 2012 Extra
• Jeon Ji Hyun, Kim Soo Hyun для MovieWeek 2012
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA Model 2012 Extra
• Kim Soo Hyun для Canon IXUS 2012
• Kim Soo Hyun для @star1 2012
• Kim Soo Hyun для Harper’s Bazaar Korea May 2012
• Kim Soo Hyun для ZIOZIA’s Zizzling Model 2012
• Kim Soo Hyun, Lee Ming Jung, CN Blue для Elle Korea May 2012
• Kim Soo Hyun для Harper's Bazaar Korea May 2012
• Kim Soo Hyun для Allure Korea April 2012
• Jung So Min, Yoon Seung Ah, Kim Soo Hyun, Lee Jong Suk для CéCi August 2011
• Kim Soo Hyun для Cosmopolitan Korea January 2012
• Kim Soo Hyun для Vogue Girl 2010
• Han Chae Young, Kim Soo Hyun для Marie Claire Korea 2011
• Kim Soo Hyun для Bean Pole Outdoor 2012
• Kim Soo Hyun для ISPLUS 2012

[b:mmw9ytgw]Марапаттаулары: [/b:mmw9ytgw]
• 2012 39th Korea Broadcasting Prize: Best Actor (The Moon that Embraces the Sun)
• 2012 Mnet 20's Choice Awards: 20's Male Drama Star (The Moon that Embraces the Sun)
• 2012 Mnet 20's Choice Awards: 20′s Blue Carpet Popularity Award (The Moon that Embraces the Sun)
• 2012 48th Baeksang Arts Awards: Best TV Actor (The Moon that Embraces the Sun)
• 2011 KBS Drama Awards: Best New Actor (Dream High)
• 2011 KBS Drama Awards: Popularity Award (Dream High)
• 2011 KBS Drama Awards: Best Couple with Suzy (Dream High)
• 2011 47th Baeksang Arts Awards: Popularity Award, TV (Dream High)
• 2011 Style Icon Awards: New Icon Award
• 2011 Korea Drama Festival: Best New Actor (Dream High)
• 2011 Korea Drama Festival: Popularity Award (Dream High)
• 2011 Asia Model Festival Awards: CF Model Award
• 2010 SBS Drama Awards: New Star Award (Giant)

Маған ұнайтын актерлардың бірі) бірақ соңғы кезде көп дауға қалып жүр
Маған ұнайтын актерлардың бірі) бірақ соңғы кезде көп дауға қалып жүр

Иа айтпа