Корейлік ең бай әртістер

"49 күн" дорамасындағы сүйкімді диспетчер жігіт естеріңізде ме? Чон Иль У ең бай әртістердің бірі. Кинодағы рөлдерінен алатын қаржыдан бөлек, оның атасы-Кореядағы ең үлкен аурухананың бас директоры, әкесі- Кендо академиясының директоры, ал анасы-Корей ұлттық университетінің профессоры.

Ауқаттылардың тізімін толықтыратын келесі айдол - Никхун. Никхунның анасы "Union Medical" фармацевтік компаниясының бас директоры. Бұл компанияның қаржысы шамамен алғанда 2 жылда 6 миллион долларды құраған. Онымен қоса, Никхун бұрындары тек британдық ақсүйектердің отбасын ғана қабылдайтын Жаңа Зеландиядағы мектептен білім алған.
Ешқашан қартаймайтын Super Junior тобының сүйкімді мүшесі Сонмин топтың ең бай 3 мүшесінің қатарына кіреді. Сонминнің әкесі "Sendbill" компаниясының президенті. Бұл компанияның құрамында қосымша 250 ірі компания мен 85000 ірілі-ұсақты компаниялар бар.
Super Junior тобының ең бай мүшесі Шивон қаражатының барлығын өз күшімен тапқан. Бірақ оның отбасы да ауқатты. Шивонның әкесі бұрын сән үйінің директоры болған. Қазір "Boryung Medience" компаниясының президенті. Бұл компания Кореядағы ең ірі супермаркет желілерін басқарады. Шамамен алғанда қаржы көлемі 542 миллион доллар. Сондай-ақ сыбыстарға сенер болсақ, оның отбасының "Hyundai Department Store"-де акциясы бар.
Бізге "Secret Garden" телехикаясы арқылы таныс актер Ли Филипптің отбасындағы қаржы құны 173 миллион доллар, Оған қоса АҚШ-та зәулім үйлері бар. Әкесі АҚШ-тағы "STG" компаниясының президенті. Филипптің өзі Джордж Вашингтон университетінің инженерлік мамандығының магистрі.
Азияның ханзадасы-Чжан Гын Сок ең бай әртістердің бірі. 25 жасында-ақ ол 25-тен астам компаниялардың өнімін жарнамалады. Оған қоса, Азия елдерінде ол ең атақты актер. Сондай-ақ Гын Сок табыс көзін альбом шығарудан да алады. Кореяда бірнеше зәулім үйі бар.
Келесі ауқатты универсал әртіс-Ли Сын Ги. Ол көптеген шоулар мен кештерге қатысып, ән айтып, керемет актерлік шеберлігімен көзге түсе білді. Кореяда ол ең ақылды, пәк адамның үлгісі ретінде танымал. Халықтың 80 пайызы Ли Сын Ги сияқты ұлдарының болғанын қалайды екен. 2011 жылы мамандардың есептеуі бойынша, ол жарнмаға тсүкені үшін 7,5 миллион доллар, дорамаға түсіп, ән айтқаны үшін 2,4 миллион доллар қаражат тапқан. Сын Ги Донгук университетін үздікке бітіріп, халықаралық сауда-саттық пен коммерция мамандығы бойынша біліктілік алған.
Ол К-поп индустриясына 8 жасынан бастап келген. Сол кезден қазірге дейін өз күшімен тынбай еңбек етіп ең ауқатты айдол атағын алды. Джиди әнші, композитор, ақын, продюсер, модельер. Қаражатының көп бөлігін ән жазудан табады. Өзінің авторлығындағы 150-ден астам әні бар.
шашты қатырған екен :P
"Мен ақшаны аузыммен табамын" дейді G-Dragon "Coup D'etat" атты өлеңінде...