Ағай / The Man From Nowhere фильмі

Мемлекет: Оңтүстік Корея

Шыққан жылы: 2010

Жанр: триллер, криминал, экшн, боевик

Режиссер: Ли Жоң-Бом / Lee Jeong-beom

Рөлдерде:

Чха Тхэ Сик рөлінде Вон Бин
Чон Со Ми рөлінде Ким Сэ Рон
Ким Чхи Гон рөлінде Ким Тхэ Хун
Ман Сок рөлінде Ким Хи Вон
Чжон Сок рөлінде Ким Сон О

Аударған: Әйгерім Әлжан

Редактор: Zere


Сипаттама: Чха Тхэ Сик есімді сыпайы ломбард иесі жергілікті барда биші болып істейтін көршісінің кішкентай қызы Чон Со Миге бауыр басып қалады. Анасы қызына мүлде қарамайды, сондықтан қыз көбіне ұрлықпен айналысады, ал кейде Тхэ Сиктің үйінде жүреді. Осылайша бір күні Со Мидің анасы мен досы екеуі барға жиі келетін есірткі тасымалдаушыны тонайды. Енді Тхэ Сик кішкентай періштені қорғау үшін ескірткі мен адам мүшесін сататындардың арасына тап болады... және бәрінің аузын айға қаратады...

Фильм туралы бірнеше фактілер:
- Режиссер Ли Джоң Бом фильмнің идеясын тұрмыс жағдайы өте нашар қыз туралы мақаладан алған.
- Полицейлер қуып келе жатқанда Вон Биннің терезеден секіретін көрінісін бірнеше рет түсірген. Оператор актердің артынан жүгіріп, терезеден бірге секірген.
- Вон Биннің таеквондодан қара белбеуі бар, бірақ бұл фильмге дейін қару ұстап ешқандай киноға түспеген. Рөлі шынайы шығу үшін 3 ай бойы жаттыққан. Фильмдегі барлық трюктерді Вон Бин өзі орындаған, оны режиссер каскадердің көмегіне жүгінуге көндіре алмаған.
- 아저씨 (аджосси) – Кореяда үлкен ер адамға қаратып айтылатын ең көп тараған сөз. Туыстар арасында да аджосси сөзі «көке», «ағай» сияқты мағынада қолданылады.

Қай жерден онлайн көруге болады?
Қай жерден онлайн көруге болады?

http://massaget.kz/translate/filmder/600