Күн астындағы махаббат / Swallow the Sun

Альтернативті аты: 태양을 삼켜라 / Swallow the Sun
Екінші аты: All In 2
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жанр: романтика
Сериялар саны: 25
Жыл: 2009
Режиссер: Yoo Chul Yong

Рөлдерде:

Ji Sung - Kim Jung Woo / Ким Чжон У
Sung Yu Ri - Lee Soo Hyun / Ли Су Хён
Son Dam Bi - Yoo Mi Ran / Ю Ми Ран
Lee Wan - Jang Tae Hyuk / Чжан Тхэ Хёк
Han Ji Yun - Han Sun Young / Хан Сон Ён
Yoo Oh Sung - Jackson / Джексон

Сипаттама:

Әрбір адамның өмірінде бір қатерлі кездесу болады, содан кейін тағдыр мазақ еткендей өткен шаққа апарып, осы шақпен бір ойнап, болашақты өзгертеді.

Чеджу аралы. 70-жылдар. Осы аралды жұмаққа айналдыру мақсатында Корей әкімшілігі инфрақұрылым жасап, бірінші кезекте жол сала бастайды. Құрылысқа ісі біткен қылмыскерлерді салады. Біреуі қашып шығады, оны әдемі, әрі аңқау жүзуші қыз құтқарып шығарады. Екеуі бірер күн ғана бірге болады, алайда қыз жігіттің мәңгілік есінде қалады. Бұл махаббат па?

Ал содан кейін Ким Чжон У атты бала дүниеге келіп, жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Бала кезінен бір қызға ғашық болады. Бұл тағдыр ма? Ким Чжон У есейіп, тағдыр оны туған әкесі және ағасымен табыстырады. Бірақ туыс екенін білмейді. Сұм-тағдыр Чжон Удың әкесін танып, білуге жағдай жасайды. Сол кезде өмірі көрмеген анасы үшін, өзінің бақытсыз балалық шағы үшін, бастан өткізген барлық қиындықтары үшін кек алмақ болады. Тағдыр Чжон Уды сонау Африка елдеріне айдап салады, тозақтың отынан өткізіп, өз өмірін құрбан етуге, сатқындыққа баруды талап етеді, әбден сынайды. Алайда ата-анасы жайлы ащы шындық айқындалғанда не болады? Қиын сәттерде Чжон Удың жанынан жан достары табылады. Бірақ олар оның сатқындығын кешіре ала ма? Түсіне ала ма? Жігіттік достық – қандай ол? Ал махаббат ше? Бала кезден жақсы көрген қызды тауып, оған деген ғашықтық сезімі нағыз махаббатқа ұласады. Бірақ мұнда да бәрі оңай емес. Ол жақсы көрген қызды ағасы да жақсы көреді. Қыз кімді таңдайды, өзі нені таңдайды: махаббатты ма, әлде кек алуды ма?

Өте әдемі сериал, шытырман оқиғаларға толы, адамды жабықтырмайды, оқиға желесі былай болады деп ойлап отырғанда, ол тіптен басқаша өрбиді. Актерлік құрамы, саундтрегі мықты, түсірілім Кореяның ең әдемі жерлерінде, Чеджу аралында, Оңтүстік Африкада, атақты Лас-Вегастағы Күн циркінің қойылымдары көрсетілген.

Міндетті түрде қарау керек!

Аударған:
1-серия - Kuanysh
2-cерия - Kaiyrzhan
3-24 cерия - [b:129a6fdb][i:129a6fdb]ізделуде[/i:129a6fdb][/b:129a6fdb]

Редактор:
1-2 серия - Zere, Ushkin
3-24 серия - ізделуде

Мына сериал қызықты секілді, көру керек екен.