Субтитрлар жасау (өзгерту, аудару)

Aegisub бағдарламасымен жұмыс істеу.
Aegisub бағдарламасының 2.1.8. нұсқасын мына жерден http://topdownloads.ru/programs/file/Aegisub-2-1-8-setup/4813056.htm көшіріп алсаңыздар болады.
Программаны іске қосамыз:


1. Стиль менеджері.
2. Субтитрдың құрамы. Субтитрлар қандай кеңейтілуде жасалу керек және т.б. ақпараттар енгізе аласыз.
3. Тіркелген файлдар менеджері. Бұл арқылы субтитрге жаңа шрифт қосуға болады, бірақ бар шрифтармен жұмыс жасау құпталады.
4. Таймингты жылжытумен жұмыс жасау.
5. Стиль ассистенті – субтитрға жаңа стиль таңдауға мүмкіндік береді, мысалы, егер әр кейіпкерге өзінше әрлеу жасағыңыз келсе.
6. Аударма ассистенті.
7. Әрбір субтитрдың орналасуы, таймингі, қабаты, стилі және т.б. жазылады. Оның ішінде:
8. тексті
9. субтитрлар жолағы.

Видеоға қарап отырып субтитрларды өңдеу.
File -> Open Subtitles
Керек субтитр файлын ашамыз. Субтитр файлын видеоның атымен бірдей сақтаған дұрыс.

Video -> Open Video
Керек видеоны ашамыз.
Audio - Open Audio from Video

Қорытындысында мынадай болады:


Енді жұмыс істей беруге болады.
1. Видеода субтитр қалай көрінеді, соны байқауға болады. Сол жағында құрал-саймандар тақтасынан субтитрларды экранның қай тұсына қойғыңыз келеді соны, және түрлі спецэффектілер сала аласыз.
2. Субтитр жолағының параметрлері: пікірлердің ауысуы, стиль аты, актер (қолданбаса да болады), эффектілер, қабат саны, субтитр жолағының басталатын және бітетін уақыты және ұзақтығы, субтитрдың сол жақ, оң жақ және көлденең шекарасы (стильден бөлек өзгерту керек болса), сонымен қатар шрифтың параметрлерін қоса аламыз.
3. Субтитр жолағының тексті жазылатын жер. Сонымен қатар ass стандартының командалық параметрлері де жазылады. Тексті өзгерткен соң Enter басуды ұмытпаңыз.
4. Субтитр жолағының тізімі.

Аударма ассистенті арқылы аудару
Субтитр жолағының басына курсорды қойып, аударма ассистентін басыңыз.


1. Бастапқы оригинал мәтін.
2. Сіздің аудармаңыздың жолағы. Яғни сіз бастапқы мәтінді де көре отырып аудара аласыз. Егер бәрі дұрыс болса Enter басып, келесі жолаққа өтесіз. Басқа функциялары төменде жазылған.

Субтитрге стиль тағайындау.
Стиль менеджерімен жұмыс жасаймыз.


1. Біздің субтитрларымызды сақтап тұратын қойма десе де болады. Бірнеше проектілерге қайта-қайта жаңа стильдер жасап жүрмес үшін бірнеше субтитр-стильдер жиынтығын жасап қойса болады.
2. Таңдалған қоймадағы стильдер нұсқасы.
3. Жасалып жатқан проектідегі субтитрлардың стильдері.
Стильдерді қоймадан көшіруге, керісінше қайта алып тастауға болады.
4. Стильдермен жұмыс істеу операцияларының батырмалары.

Өз бетімізбен жаңа стиль жасап көрейік:


1. Ең алдымен стильдер қоймасына жаңа бір стиль енгізейік. Ол үшін «Создать» батырмасын басамыз. Ат береміз.
2. Сол қоймаға тағы бір стиль енгіземіз. Ол үшін «Создать» батырмасын басқанда жаңа бір терезе шығады (келесі пункте қарастырамыз). Кейін осы стильде проектідегі стильдер қатарына қосу үшін «Копировать в текущий скрипт».

Ал енді жаңа стиль жасау:


1. Шрифт таңдау (қазақ әріптерін көбіне Arial және Tahoma шрифтері қолдайтынын ескеріңіз), шрифтың кеглін, қаралығын, италик, астын сызу, үстін сызу – осыларды тағайындай аласыз.
2. Шрифтің түсін таңдау.
Первичный – негізгі түсі
Вторичный – көбіне караокеге қолданады.
Контур – контурындағы түсін беру.
Тень – мәтіннің көлеңкесіндегі түсі.
Сонымен қатар әрбір түсті сейілте аласыз (прозрачность). (0 – түс айқын, 255 – түс толық сейілген)
3. Шрифтың шекарасы және экрандағы орналасуы. Оң жақтан қанша қалу керек, сол жақтан, ортасына қарай тұру керек па, осы жерден қоясыз. Егер мәтін экранға сыймай жатса Стильдер менеджеріне барып, \N арқылы тексті екіге бөлесіз.
4. Жолақтың параметрлері: бұру, қисайту, көлемін өзгерту. Сонымен қатар мәтіннің кодировкасын салуды ұмытпаңыз. Қазақ әріптерімен 0-ANSI-да сақтаған жөн.

Стиль ассистенті пайдалану.
Мысалы, әрбір кейіпкерге өз стильін тағайындап қойдық делік. Енді сол субтитр жолағына осы стильді қалай қоямыз? Бұл ретте осы стиль ассистенті көмекке келеді. Өзгерту керек субтитрдың ең басына курсорды қойыңыз да ассистентті басыңыз.


1. Ағымдағы субтитр жолағы.
2. Пайдалануға болатын стильдер жиынтығы.
3. Жолаққа қолданылған стиль.
Қай стильді қолдану керек, соған тышқанды екі рет бассаңыз субтитр өзгереді.

Мен бір субтитрді орысшадан қазақшаға аударып жүрмін. Кім көмек бере алады??? Егер барлығын аударып бітсем осында салармын. Бірақ қазір мен үшін аудару қиын болып тұр. Аудармашылар көмектесіндерші. Менің логинім: robin_van.persie@mail.ru көмек күтемін сіздерден.
Мен бір субтитрді орысшадан қазақшаға аударып жүрмін. Кім көмек бере алады??? Егер барлығын аударып бітсем осында салармын. Бірақ қазір мен үшін аудару қиын болып тұр. Аудармашылар көмектесіндерші. Менің логинім: robin_van.persie@mail.ru көмек күтемін сіздерден.

Авторизация жібердім. Сұрақтарыңа жауап берейін.
Мен субтитрды сіз айтқандай жасадым. Енді қалай сақтау керегін білмей отырмын. Қиын болмаса сурет арқылы түсіндіре аласызба?
Сақтау үшін Меню тақтасынан Файл - Сохранить как... батырмасы арқылы сақтайсыз.
Менде Файлдың ішінде Сохранить как... деген емес Сохранить субтитры как... деген бар
Менде Файлдың ішінде Сохранить как... деген емес Сохранить субтитры как... деген бар

Иә, сонымен сақтайсыз.
Сохранить етсем cats.jpg осындай болып тұр. Дұрыспа немесе ол mp4 форматында болу керекпа?
Сохранить етсем cats.jpg осындай болып тұр. Дұрыспа немесе ол mp4 форматында болу керекпа?

Ия, бәрі дұрыс.
Кешірeрсіз тағы бір сұрақ : енді бұны қалай mp4-ға айналдыруға болады?