Спам қалай пайда болды?

Спам - компьютер әлемінде ғаламтор қолданушысы алдынан шығып тұратын жарнамалық сілтеме. Оны ешбір ғаламтор қолданушысы өз парақшасынан шығып тұрғанын қаламайды. Сол себептен ғаламтор пайдаланушысы оған жол бермес үшін түрлі қулықтарға барады.
Сіздер осы спамның пайда болу тарихын білесіздер ме? Сенесіз бе, сенбейсіз бе білмеймін, бірақ «спам» ғаламтордан әлдеқайда бұрын пайда болған екен. Ең алғаш рет «SPAM» сөзі 1936 жылы «Hormel Foods Corporation» ет консертвантын шығаратын компаниясының тауар белгісі ретінде қолданылған. Ол «SPiced hAM», яғни «шошқаның тұздалған еті» деген мағынаны береді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін компанияда ет консертвантының мол қоры қалған. Олар соғыс жылдарында Америка солдаттары мен оған одақтас мемлекеттерінің жауынгерлеріне арнайы жасалған. Бұл аралықта SPAM айтарлықтай еркін саудада жүріп, ас әзірлеуде ет ретінде көп пайдаланылған екен. Кейіннен соғыс аяқталған тұста SPAM консерванты британдықтарды әбден жалықтырып жібереді. Сөйтіп Hormel Foods Corporation компаниясының жетекшілері ет консерванттарынан құтылу үшін оларды белсенді түрде жарнамалауға кірісе бастайды.
«SPAM» сөзі барлық жерде кездескен. Дүкен, автобус, көліктерге жабыстырылған. Бұл сөзді жиі газет, журналдардан оқып қалуға болатын. Сонымен қатар, «SPAM» радио кешендерінде жақсы жарнамаланды. Уақыты келе консерванттар жақсы сатыла бастайды. Алайда 1986 жылы Usenet конференциясында (ғаламтор аналогы іспеттес) Дэйв Родес есімді азамат өзі құрған қаржы пирамидасын жарнамалау арқылы жұрттың жүйкесін тоздырады. Сол тұста қолданушылар осыдан біршама жыл бұрын жарнамаланған «SPAM» консерванты еске түсіп, оны с»пам» деп атап кетеді. Осылайша, «спам» сөзі компьютер әлемінде мазасыз жарнамалық сілтеме ретінде қалыптасқан екен.