Жұлдызды жұптар

Талантты әнші Gummy мен актер Чо Чжон Сок 2015 жылдың ақпан айында кездесіп жүргендерін растады. Екеуі бұдан екі жыл бұрын ортақ достары арқылы танысқан.

26 наурызда Чо Бо А мен Он Чжу Ван бірге екендіктерін айтты. Жұп "Су перісі" атты драмаға түскеннен кейін жай ғана достықтан да жоғары сезім бар екеніне көздері жеткен.
Ли Мин Хо мен Сюзи 23 наурызда бірге екендіктерін растады. Жұп 2 ай бұрын кездесе бастаған. Репортерлар оларды Лондонда және Сеулде бірге жүрген кездерін байқап қойған, кейіннен олар мұны растады.
Со И Хен және Ин Ке Джин 2014 жылдың 4 қарашасында отау құрды

2014 жылдың басында Ли Сын Ги және Юна кездесіп жүр деген жаңалық шыққанда екі жұлдыздың да агенттіктері бірден растады.
f(x) тобының мүшесі Солли мен Choiza 2014 жылдың тамызында кездесіп жүргендерін ресми түрде растады. Бұл екеуі туралы қауесет 2013 жылы басталған, бірақ ол кезде олар мұны жоққа шығарған болатын.