Месси Аргентинаның әнұранын айтқысы келмейді

Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ойын алдында елдің әнұранын айтпайтын ойыншылардың бірі. Танымал футболшының бұл қылығына аргентиналық жанкүйерлер өкпесін айтып та келеді. Тіпті кей жанкүйерлер ұлттық құраманың сәтсіздігін Мессидің әнұран айтпауымен байланыстырады да екен.
Жақында Лионель Месси TyC Sports басылымына берген сұхбатында әнұран айтпауының себебі мен ұлттық құраманың сәтсіздіктері туралы сөз қозғады.
- Аргентина ұлттық құрамасының жейдесінде өнер көрсету – біз үшін маңызды екенін жанкүйерлер түсіне бермейді. Біз 2014 жылғы әлем чемпионаты мен Америка кубогының финалына дейін жеттік. Бірақ, біз жанкүйерлер үшін түк тындырмаған секілді көрінеміз. Біз финалға дейін жеттік, бірінші айналымнан жарысты аяқтаған жоқпыз. Мұны өзі жетістік. Ұлттық құрама қиын кезеңді басынан өткерді.
Аргентиналы жанкүйерлер мені әнұран айтпайды деп кінәлап жатады. Мен ойын алдында әнұранды айтпаймын, айтқым да келмейді. Маған әнұран айтудан гөрі, ойынның маңыздылығын сезіну артығырақ. Менің басты мақсатым – ұлттық құрама сапында ірі жетістіктерді бағындыру. Бұл мақсатты 2016 жылғы Америка кубогы ойындарынан бастауымыз тиіс, - деді Лионель Месси.
Айта кетейік, каталондық «Барселона» клубында өнер көрсететін шабуылшы 2005 жылдан бері Аргентина ұлттық құрамасы сапында ойнап келеді. Ресми 105 ойынға қатысып, 49 гол соққан.