"Астана" - "Бенфика" матчына болжам жасалды

Сәрсенбі, 25 қарашада "Астана" Чемпиондар лигасы аясында өз алаңындағы соңғы матчын өткізеді. Станимир Стойловтың шәкірттері "Бенфикамен" ойнайды. "Астана Аренада" сағат 21.00-де басталатын матчты "Таң" телеарнасы тікелей трансляциялайды.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің болжамынша, бұл ойында фаворит қонақтар болып отыр. "Бенфиканың" жеңіске жетуіне 1,77, "Астананың" жеңуіне 4.60 коэффициент қойылды. Ал ойынның тең аяқталу коэффициенті - 3.37.

Еске сала кетейік, "Астана" төрт тур қорытындысы бойынша екі ұпаймен С тобының соңында тұр. Ал "Бенфика" тоғыз ұпаймен топта көш бастады.