«Еуровидение-2016» байқауының бірінші финалистері анықталды

Сейсенбі күні Швеция астанасы Стокгольмда өткен «Еуровидение-2016» ән байқауының бірінші жартылай финалында Әзербайжан, Ресей, Нидерланды, Венгрия, Хорватия, Австрия, Армения, Чехия, Кипр және Мальта елінің өнерпаздары жеңіске жетті.

Екінші жартылай финал 12 мамырда, ал ақтық кезең - 14 мамыр күні өтеді. Байқау ережелері бойынша, жартылай финалдарға «үлкен бестік» - Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия және Испанияның және бұған дейінгі байқауға қатысып, жеңіске жеткен елдердің өкілдері қатыспайды, олар ақтық кезеңде шығады.

«Еуровидение-2016» байқауы Стокгольмда 10-14 мамыр күндері аралығында өтіп жатыр. Бір жыл бұрын Венада өткен бұл байқауда Швецияда танымал орындаушы Монс Сельмерлёв «Қаһармандар» әнімен жеңіске жеткен еді. Бұл швециялық қатысушының үш жылда қол жеткізген екінші жеңісі болды.
https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=4UEmbczpbXQ

[youtube]https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=4UEmbczpbXQ[/youtube]