Айдана Меденова: «Өнер жолын таңдағаныма ешқашан өкінген еме

Айдана Меденова — көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген, «Кеш You» тобының экс әншісі. Бүгінде Айдана бір шаңырақтың сүйікті келіні, аяулы жары, бір баланың анасы атанып отыр. - Жарыңыз туралы айтып өтсеңіз? Жарыңызбен қалай таныстыңыз? Қайда таныстыңыз? ˜˜˜– Күйеуімнің есімі – Әлішер. Балқаш қаласында туып-өскен, 1984 жылғы азамат. Көпшілік алғаш рет суретін көргенде, «Жарыңыз ұйғыр ма? Қай ұлт?» деп сұрайды. Негізінде олай емес, Әлішер – қазақтың қарапайым жігіті. «Indigo» мен «FM» топтарының продюсері. Таныстығымызға келетін болсақ, біз ең алғаш осы өнер жолында таныстық. Мен «Кеш You» тобында болғанда. Бір-бірімізді гастрольдік сапарларда жиі көріп тұратынбыз. Мен оны бірақ танымайтынмын, ал ол мені сыртымнан біледі екен. Ол маған бір жыл бойы гүл жіберіп, телефон шалып, хат жазып тұрды. Алайда бір жыл бойы оның ұсынысын қабылдаған жоқпын. Оның үстіне сол кездері жұмыс өте қарбалас еді. Оған көңіл бөлуге уақытым болмады. Тағдыр шығар, бір күні екеуміз қалада бір ғимараттың алдында кездесіп қалдық. Содан кейін бір-бірімізбен араласып кеттік. – Өнер адамы болғаныңызға өкінген сәттеріңіз болды ма? ˜˜˜– Жоқ, ешқашан өкінген емеспін.