"Тұран" этно-фольклорлық ансамблі

"Тұран" менің ең сүйікті ансамбліме айналды. Ансамбль туралы алғаш рет 2009 жылы, қателеспесем, қыркүйек я қазан айларының бір күндерінде консерваторияның мерейтойына арналған концертте білдім. Сол кезде орындаған шығармалар мені өзіне баурағандай болды. Содан бері ансамбль жайлы азды-көпті біліп жүрдім. Өкінішке орай, ансамбльдің алғашқы альбомының тұсаукесер концертіне бара алмадым, алайда, диск қолыма тиген бойда барлық композицияларды ұялы телефондарыма жүктеп алдым.
Ансамбльдің жетістіктеріне тәнтімін. Өз таңбасы, өз ерекшелігі бар топ. Өзгелер сияқты жеңіл-желпі, арзанқол дүниеге жақын емес. Сахнамызда жылтыр мен сапасыз өнім билеген біздің заманда "Тұран" ансамблінің еңбегі бірден көзге түседі. Жаның сая тапқандай болады. Біздің қауым осындай шығармаларға зәру.
"Тұран"-ды, әттең, біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтан да, өз ортамда, алыс-жақын шетелдерде жүрген достарыма, қандастарға, таныстарға ансамбль дисктерін почтамен жіберемін. Олар тыңдап, мәз болып жатады.
Болашақта "Тұран" ансамблі сияқты халқымыздың төл мәдениетін дәріптейтін дарынды топтар көбейсе екен деген тілегім бар. Сондай-ақ, осындай топқа, мүмкіндігінше, үлкен қолдау көрсетілсе екен деймін.

Мен бір концерттеріне қатысып, өте үлкен әсерде қайтқанмын. Нағыз музыканттар деп осыларды айтуға болады. Шетелге шығаруға да қысылмайсың.
Тұран! Тұран! Тұран! :!:
Тұран! Тұран! Тұран! :!:





ПРОВЕРКА ҒОЙ МЕНІКІ. БАРІ НОРМА ЕКЕН!
Тұран! Тұран! Тұран! :!:





ПРОВЕРКА ҒОЙ МЕНІКІ. БАРІ НОРМА ЕКЕН!



Сіз үшін қуаныштымын)))
басқа көрші сайтта(керекинфо), жақсы бір пост жазылған, ЖЖ не қалайсың деп? мен 3 нәрсе жаздым, соның бірі Осы топтың дискісі еді :) күтпеген жерден, ЖЖ алдында Тұранның дискісін алдым :) күтпеген оқиға болды мен үшін.
он.кз арқылы білдім бұндай топтың барын шыны керек. сосын видеоларын көріп әуендерін тыңдадым инеттен. ;) керемет жақсы топ әуендері мен үшін релакс болды :)
басқа көрші сайтта(керекинфо), жақсы бір пост жазылған, ЖЖ не қалайсың деп? мен 3 нәрсе жаздым, соның бірі Осы топтың дискісі еді :) күтпеген жерден, ЖЖ алдында Тұранның дискісін алдым :) күтпеген оқиға болды мен үшін.
он.кз арқылы білдім бұндай топтың барын шыны керек. сосын видеоларын көріп әуендерін тыңдадым инеттен. ;) керемет жақсы топ әуендері мен үшін релакс болды :)


Иә, иә, есімде Анара менен дискты қайдан алуына болатынын сұраған. Кейін мен оған "Тұран"ның жаңа альбомын бергенмін. Сенің қолыңдағы альбом "Ер Тұран" болуы керек. Топтың 2010 жылы жарыққа шыққан "Тұран" атты алғашқы альбомы бар. Оны "Меломан" дүкендер желісінен алуға болады. Жаңа Жылдың алдында сол дүкендерге кіріп, 6 диск сатып алып, барлығын сыйға тарттым. Мұндай альбомдарды сыйға тартуға еш ұялмайсың.
Концерттеріне барып көріп пе едің? Жанды дауыста тыңдаған, альбомнан мың есе артық. Тексерілген әрі дәлелденген :D
Бүгін, яғни 21 қаңтар сағат 22-30да СТВ арнасынан "Акустика. Живой звук" бағдарламасын тамашалаңыздар. Бағдарлама қонақтары "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі :D :D :D
тұран ансамблі жақсы,бірақ шығармаларынын қайдан алсақ болады?тек онлайнмен ғана тыңдап жүрмін
тұран ансамблі жақсы,бірақ шығармаларынын қайдан алсақ болады?тек онлайнмен ғана тыңдап жүрмін

Меломен дүкендерінде алғашқы альбомдары сатылады. Екінші альбомдары тек тегін таратылған.