Театрдағы ең үздік қойылымдар

Ең ұнаған, әсер еткен қойылымдар жайлы сөйлессек.

Арқалық қаласындағы жастар театрына бірнеше рет барғанмын. Солардың ішінде қатты ұнағаны С.Жүнісовтің "Қызым саған айтам" драмасы. Тағы бір ұнаған қойылым "Ғашықтар хикаясы". Авторын ұмытып тұрмын.
Мектеп кезінде "Әпке" деген қойылымға барып, керемет әсер алып қайтқаным есімде. Содан соң ұнағандардың бірі "Қызыл орамалды шынарым" болды.
Сұлтан Бейбарыс ерекше ұнады. Өз басым сүйікті актерім ойнаған қойылымдарды жақсы көремін!
Сұлтан Бейбарыс ерекше ұнады. Өз басым сүйікті актерім ойнаған қойылымдарды жақсы көремін!

Мен үшін де сүйікті актерім ойнаған қойылымдардың бәрі үздік!
Жақында ғана "Тендерге түскен келіншек" қойылымын тамашаладым... Ерекше әсер етті. "Қызыл орамалды шынарым", "Ай-Қарагөз", "Сағым қуғандар" қойылымдарын да сүйіп тамашалаймын.
14 қараша күні менің туған күнімде ӘСЕЛ есімді кейіпкері бар "Қызыл орамалды Шанарым" қойылымы болды. Маған тым ыстық, сүйікті қойылым. Сосын "Күйеуіңізді сатыңызшы" трагикомедиясы ұнады.
Қас-қағым қойылымын кім көрді? Мен есім ауып, қойылымның болатынын ұмытып, "дос" қызымды далада күттіріп, кешігіп қалып, кірамай қалдық
Мен көрдім Қас-қағымды)тамаша туынды!қайта барыңыз міндетті түрде!
Балуан Шолақ туралы "Жаужүрек" қойылымынан әдемі әсер алдым.