Леонардо ДиКаприо туралы қызықты фактілер

- ДиКаприо осы күнге дейін "Оскар" ала алмай жүрген ең талантты актерлер санатына жатады. Ол алғаш рет "Оскар" номинациясына 21 жасынан бастап түскен екен. Осы күнге дейін 5 рет ақыры нәтижесіз болған номинацияға іліккен. Бірақ бұл оның "жалғыз" қайғысы емес. Актер сонымен қатар Киноактерлер гильдиясының 8 номинациясынан (SAG Awards), Британ кино және телевизия өнері академиясының 3 номинациясынан (Bafta Awards), Амеркиалық "Сатурн" сыйлығының 2 номинациясынан құр қол қалды.
- "Леонардо Ди Каприо: Романтикалық кейіпкер" кітабының авторы Марк Бегоның айтуынша, Лео бастауыш мектепте оқып жүрген кезінде Чарльз Мэнсонға еліктеп маңдайына свастика суретін салып жүрген екен.
- "Қолыңнан келсе мені ұстап ал" (Catch Me If You Can) фильміне түсіп жүрген кезінде, фильм сюжетіне арқау болған атақты айлакер Фрэнк Абигнейлмен кездескен. Леонардо бұл кісіні ұнатып қалғаны сонша, кейін оны өз үйіне шақырып, қонақ қылады.
- ДиКаприо қайырымдылық акцияларын белсенді қолдап тұрады. 2013 жылы өзінің 39 жасын атып өткен кезінде, қайырымдылық кешін ұйымдастырады. Туған күннен жиналған 3 млн долларды ол қоршаған ортаны қорғау қорына аударған.
- Леонардоның Youtube сайтындағы ең жақсы көретін роликтерінің бірі - "Әлемдегі ең мас адам" деп аталады. Ол видеоны көрген сайын актер шабыттанады екен.
- Актердің өзінің айтуынша, өмірде ешқашан есірткі қолданып көрмеген. "Уолл-стрит қасқыры" фильміне түскен кезінде, нашақор басты кейіпкерді барынша шынайы сомдау үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген. Негізі өмірде Лео электрон темекі тартады.
- Леонардо ДиКаприо - сиквелге (бір фильмнің тікелей жалғасы болып есептелетін екінші фильм) түсіп көрмеген ең бай актер деп саналады.