3 желтоқсанда "Құнанбай" көркем фильмі прокатқа шығад

«Құнанбай» көркем фильмі – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, сценарист, продюсер Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші көркем фильмі. Мұның алдында, яғни 2008 жылы Досхан Жолжақсынов түсірген «Біржан сал» көркемфильмі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, кәсіби киносыншылар тарпапынан жоғары бағаланған болатын.

Есімі елімізге кеңінен мәлім Досхан Жолжақсыновтың киноактер ретінде де көптеген фильмдерге түскені белгілі. Атап айтқанда: «Бандыны қуған Хамит» (1979), «Алтын күз» (1980), «Көшпенділер» (2010) және т.б фильмдер – Досхан өнерпаздың киноактер ретінде алапасын артырып, абыройын асқақтатты. Атылмыш фильмдердегі қилы-қилы кейіпкерердің күрделі образдарын шынайы сомдау арқылы Досхан Жолжақсынов актер ретінде шын мәнінде халық сүйіспеншілігіне бөленді, есімі дүйім жұртқа мәшһүр болды.