Сальвадор Дали туындыларынан не ұғамыз?

Сальвадор Дали – атақты суретші, жазушы, график, режиссер, мүсінші, сюрреалист. 1904 жылы Испанияда дүниеге келген бірегей, қайталанбас тұлға. Оның әр суретіне мұқият зер салған адам бір роман оқығанмен тең дәрежеге жетеді. Кез келген картинасын тамашалай отырып, өмірге осынша шедевр әкелу үшін қаншалықты ой-сана қажет екенін бағамдайсыз. Салған суреттерінің мағынасын түсіну үшін де соншалықты ұшқыр қиял, жүйрік ой керек.
Ал сіз Сальвадор суреттерінің жұмбағын шеше алдыңыз ба?