Шымкент әкімі өзінің жұбайына не сыйлайтынын жасырмай айтты

Бүгінгі Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Шымкенттің әкімі әйелінің қасында, яғни, үйінде болатынын айтты.

Тіпті Шымқаланың қазіргі таңдағы бірінші ханымына тосын сый әзірлеп қойғанын да жасырмайды, деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Барша нәзік жандылар қауымын төл мерекелерін құттықтап, бақыт тілеген қала басшысы жұбайына түрлі-түсті қызғалдақ сыйлайды. Бұл туралы әкімнің өзі ағынан жарыла айтып берді.

«8 наурызда үйде боламын. Жұбайыма гүл сыйлағым келеді. Түрлі түсті қызғалдақ. Әр жылы әртүрлі сыйлық беремін», - деген ол әйеліне алған сыйлығын ашып айтқысы келмеді. «Құпия» деп қысқа қайыруды жөн санады. Тек әйелдер қауымы төл мерекелеріне жақын қалғанда күйеулеріне қандай сыйлық алғысы келетіні туралы белгі беретінін айтып қалды.

Айта кетейік, ғаламтордағы мәліметке сенсек, Ғабидолла Әбдірахымов үш қыз, бір ұлдың әкесі. Күні кеше ғана Шымкенттегі тееларналардың бірінде журналист ретінде бағын сынап жүрген екінші қызына сұхбат беріп, көпшілікті таң қалдырған болатын.