Қарағанды зообағы Гиннес кітабына «ең кәрі түйеқұсты» енгізб

Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағы әкімшілігі өздеріндегі Лада атты түйеқұсты әлемдегі ең кәрі түйеқұс ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді сұрап, тиісті өтініш әзірлеп жатыр. Хайуанаттар бағының бас маманы Светлана Пилюктың айтуынша, енді екі айдан соң Лада 30 жасқа толады, деп хабарлады «Интерфакс».
«Әлемдік беделді ақпарат көздерінің бірқатарынан өзіміз жинастырған мәліметтер бойынша, жасы 20-дан асқан түйеқұс әлемде ешбір жерде жоқ екен. Олар тұратын ортаға қарамастын, мейлі ол хайуанаттар бағы немесе табиғи жағдайда болсын, 10 жылдан 20 жылға дейін ғана өмір сүреді», - дейді Пилюк.

Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы – Қазақстандағы алғашқы зообақтардың бірі.