Алматыда ер адамдардың төбелесі видеоға түсірілді

YouTube қолданушысы Алексей Подвох екі ер адамның төбелесінің видеосын жария етті. Видео сипаттамасында оқиғаның 16 қаңтарда Шолохов көшесінде, 9-шы аурухананың маңында болғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Тізгінінде әйел адам отырған Mitsubishi Outlander көлігі ЗАЗ Vida маркалы темір тұлпардың алдын кесіп өткен. Бұл қақтығысқа себеп болыпты. Кадрлардан Mitsubishi Outlander жолаушысының көліктен шығып, сыртқы киімін шешіп тастап, ЗАЗ жүргізушісіне қарай барып, оны ұра бастағаны көрінеді.

Mitsubishi Outlander кроссоверінің жүргізуші әйелі ер адамдарды ажыратқысы келеді. Алайда Mitsubishi Outlander жолаушысы тоқтаған сәтте ЗАЗ Vida жүргізушісі кек алғысы келеді. Олардың төбелесі көліктердің соңынан келе жатқан автомобильдің видеотіркегішіне жазылып қалыпты.