Шпаргалка қолдана аласыз ба?

Емтихан кезеңдерінде болмасын, ҰБТ қарсаңында болмасын, студенттік кезеңнің сесияларында болмасын шпаргалка қолдану – дәстүрлі құбылыс. Әрине, ешқандай көмексіз де білім шыңын бағындыратындар бар. Дегенмен, шпаргалкамен де өтетіндер өте көп. Белгілі бір дүниеге дайындаларда бәрібір кітап оқып, кей дүниелерді шимайлап жазып, түрлі-түсті маркерлермен бояп дайындаламыз. Кейде дайындалған сұрағымыз келмей жататын да кездер болады. Шпаргалка дегеніміз не?