Суреттен қандай түсті дәрі көріп тұрсыз?

2015 жылдың басында «мына көйлектің түсі қандай?» деген сауалнама ғаламтор қолданушыларын бір шулатқан-ды. Енді мына бір сурет те көпішілк арасында дау туғызып отыр. Себебі, адам қолындағы дәріні адамдар әртүрлі түсте көреді екен. Көпшілік оң жақтағы дәрі қызыл десе, сол жақтағы дәріні көк деп айтуда. Алайда кей адамдар екі дәрінің де түсі бірдей екенін айтып, ағынан жарылуда. Бұл пікірлердің қайшылығына адам миының түс қабылдау ерекшеліктері себеп болуы мүмкін.

Бағдарламашы Майкл Абраш бұл суретті 2014 жылы алғаш рет көпшілікке көрсеткен. Ол адамның көзі ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көре алмайтынын дәлелдегісі келген. Шын мәнінде суретте сұр түсті екі дәрі көрсетілген. Ал адамдар жауабын білгенмен, өздерінің бірінші пікірлерінде қалатын көрінеді.