Орал, Ақтау, Атырау қаласы туралы мәлімет керек

Сіздерден көмек күтемін!

Айгерім, менің ВК-дағы парақшамда Ақтау туралы 15 минуттық видео бар, жан-жақты қысқа-нұсқа мәлімет беріледі. P.S. видеодан көріп-ақ бұл қалаға ғашық болу қаупі зор))
Атырау – Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол Усть-Яицкий городок болып өзгертілді. Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Бұрын Атырау деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған. «Атырау» деген сөздің негізгі мағынасы: өзен сағасы тармаққа бөлінгені; сумен, топырақпен қоршалған жер алқабы; арал.

Ақтау – қаланың аты өзі орналасқан теңіз мүйісінің ақ бордан тұрып (картада Меловой мүйісі делінген) теңіз жақтан қарағанда, биік ақ тау сияқты болып көрінуіне байланысты делінеді. 1959 жылы осы жерде ескі балықшылар жұртының орнында елді мекен салынып, кейін Ақтау деген қалаға айналды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды.
Орал – 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде Жайық өзенінің бойына орыстар мекендей бастайды. 17 ғасырдың 1-жартысында Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынады. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен “Уральск/Орал” атауына өзгертіледі. “Орал” – өзен атауы және оның қандай мағына беретіні жайлы бірнеше нұсқа бар. Соның бірі, ежелгі манси халқының тілінде ор – «тау», «су айрығы», «биік мекен», ала – бір заттың үстіңгі жағы деген мағынада. Яғни, орала – «тау шыңы» деген мағына берсе керек. Ал түркі нұсқасын жақтаушылар орал сөзін татар-башқұрт тіліне жатқызады: оралу, оралыу, оралмақ – «орап алу», «орау», «айналу», яғни Орал – «қоршау», «таулы белбеу» деген мағынада.
Мына мәліметтерді Анараның бір жазбасынан тауып алдым) ендігі қызықтыратыны, осы қалалардағы көрікті орындар. Сурет бар болса, сала отырыңыздаршы)