"KAZSPORT" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КОММЕНТАТОРЛАРҒА КАСТИНГ ЖАРИЯЛА

Кастинг 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында өтеді.

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22.00 –ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru адресіне жіберу қажет. Бұл - телеарнаның 2015 жылы жалпы төртінші, Алматыда өткізіліп отырған бірінші байқауы.

Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет.

"Kazsport" телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады.

Мекенжайы:Алматы қаласы. Желтоқсан даңғылы 177. «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалы

Үміткерлердің өзімен бірге төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы шарт.