Кедендік Одақтың ішінде көліктерге шектеу жоқ

Енді шетелдік көліктерге шектеу қою туралы құжат кедендік одаққа мүше елдерге қатысты емес екен. Яғни, Ресей мен Белорусь шығарған темір тұлпарлар Қазақстан қойып отырған 5 талапқа сай келмесе де әкеліне бермек. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Министрліктің айтуынша, бұл тыйымдар кедендік одақ аясындағы мемлекеттерге 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін шегеріліпті. Жаңа заңға сәйкес экологиялық және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін көліктерді кіргізуге тыйым салынады делінген. Атап айтқанда, шеттен келетін автокөліктер Еуро-4 стандартымен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ, балаларға арналған орындығы, қауіпсіздік жастығы, күндізгі жарықшамдары мен тежегіштің бұғатталуынан сақтайтын жүйесі болмаса, ондай темір тұлпарларды Қазақстанға кіргізуге рұқсат жоқ. Ал көліктің шығарулы жылына қарай шектеуге қатысты нақтырақ түсіндірме берілді.
СЕРІК РАҚЫМОВ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басқарма жетекшісі:
Еуропа одағында, АҚШ-та 2007 жылдан кейін шығарылған автокөліктер бұл талапқа сай келеді. Жапонияда 2010 жылдан бастап шығарылған автокөліктер Еуро-4 талабына сай келеді.