Ноутбук таңдағанда неге аса мән беру керек?

Ноутбук сатып алғанда қалай таңдау керек? Сыртынан қарасаң бәрі бірдей сияқты. Бірақ бағалары әртүрлі. Конфигурациясы қандай болуы керек?

Нән болса мықты болғаны. Түріне қарап шығар....
Қыста Acer ноутбугын сатып алдым. Әзірге көңілімнен шығып жүр. :)
Acer ноутбуктердің ішіндегі ең халықтық, шыдамдысы менің білуімше. "Теуіп" істетуге болады. Жалпы қазіргі ноуттың бәрі жақсы, жаманы жоқ. Дегенмен кішкене айырмашылығы да бар. Мысалы, о бастан Intel процессорында істейтін компьютерлер сенімдірек, ұзақ жұмыс кезінде қатты қызып кетпейді. Ал AMD процессорында істейтіндері көбірек қызады. Суытқыш желдеткіштері, кулерлер жиі істен шығады. Бірақ мұның бәрі қарапайым қолданушыға сезілмейді, кәсіби қолданғанда не форексте істегенде білінеді. Менің тәжірибемнен тағы да білуімше Samsung ноуттары да салыстырмалы түрде қаттырақ қызыңқырайды, қызған кезде жанып кетпейді, тек жедел жадынан, винттен оқу кезінде ақпарат кейде айниды. Сбой береді. HP, Fiujcu (кішкене қате жазуым мүмкін, тауып аларсыңдар атын) жақсы. Және жоғарыда айтылған ұсыныстарға келісемін. Дұрыс айтады. Ол негізгі параметрлер.
Айтпақшы мына бір мәселе маңызды - ноутбукті алған кезде батареясын толық зарядка және артынша толық разрядканы үш рет қатарынан істеу керек. Сонда батареяның программасы өзін-өзі эконом режимге туралап алады. Оны калибровка дейді. Калибровка дұрыс жасалса, батареяның өмірі ұзақ болады, тез отырып қала бермейді. Мұны білсеңдер өте жақсы онда.
Айтпақшы мына бір мәселе маңызды - ноутбукті алған кезде батареясын толық зарядка және артынша толық разрядканы үш рет қатарынан істеу керек.

Иә, аккумуляторды "жаттықтырып" алу маңызды шаруа, ерінбеей істеп алу керек
Жалпы, егер заряд толық болып тұрса да, тоққа тығып қосып отыру дұрыс па? Әлде толған кезде өшіріп тастап отыру керек пе?
Жалпы, егер заряд толық болып тұрса да, тоққа тығып қосып отыру дұрыс па? Әлде толған кезде өшіріп тастап отыру керек пе?

Токқа ноутты мына жағдайларда міндетті түрде қосылып отырып істеу керек - видео көргенде, жазғанда, программалар орнату кезінде, интернеттен обновление жасау кезінде, хосттағы сайт, блогыңды жаңалау кезінде, жалпы өте жауапты және токты көп жейтін операциялар кезінде. Мұндай кезде аккумулятор тез отырып қалады да, іс шала болады, ноуттың операциялық жүйесі де кейде істен шығуы мүмкін - "өлім экранына" (көкпеңбек экран!) жетіп құлауы әбден мүмкін.

Ал жалпы анда-санда (аптасына бір рет мысалы) жоғарыда айтқан калибровканы (толық разрядка, артынша толық зарядка) ерінбееей ;=)) жасап тұрған өте пайдалы. Бұл аккумулятордың (батареяның) "денсаулығына" өте пайдалы гимнастика:)))

Разрядка кезінде әрине токтан ажырап отырып істеу керек!
батарейкасын алып тастаган дурыспа токта турганда менікі токта тур алганнан бері
Ноутбук сатып алғанда қалай таңдау керек? Сыртынан қарасаң бәрі бірдей сияқты. Бірақ бағалары әртүрлі. Конфигурациясы қандай болуы керек?

Тағы бір кішкене мәселе -

Ноутбук аларда оның экранын (матрицасын) мұқият тексеріп алу керек. Оның істен шыққан нүктелері, жолдары болуы әбден мүмкін. Жақсылап, жан-жағынан, ұзағырақтан қараған кезде экранда ақшыл, ақ нүктелер не жолдар білінеді. Бұл экрранда графика айқын көрінбейді деген сөз. Сондай-ақ, экранға абайлап қараған кезде ол шаң басқандай, бұлыңғырлау (мутный) көрінсе, ол бұрын істетілген болуы немесе видеожүйенің ақауы бар екенінің белгісі. Видеоадаптер әлсіз болуы, фильм, ойындарды тартпай қалуы мүмкін.

Экран матовый не глянцевый болады. Глянцевый - жылтыр, "қояндарды" (блик) көзге ұрып ойнайды, матовый - блик бермейді. Ұнағанын аласың.