Мөлдір теледидар пайда болды

Panasonic компаниясы мөлдір теледидар жасап шығарды. Теледидардың үлгісі 6-9 қаңтар аралығында Лас-Вегаста өткен халықаралық Consumer Electronics Show көрмесінде таныстырылды.

Теледидар диагоналі 165 сантиметр болатын светодиодты қораптан тұрады. Сөніп тұрған кезде теледидар шкафтың жартылай мөлдір есігі, яғни теледидар қойылған жиһаздың элементі сияқты тұрады. Иесі бұл теледидарды терезеге орнатып, түрін қалағанынша өзгерте алады.



Panasonic өкілдері бұл теледидардың коммерциялық мақсатта өте кең таралатынын айтып отыр. Жаңа теледидарды сауда орталықтарында адамдарды қызықтыру мақсатында да пайдалануға болады.