IFA 2015: жаңа Z5 Sony смартфондары

Sony компаниясы бізді жаңа телефондарымен таңқалдыруды қоймай, Берлиндегі IFA 2015 көрмесіне бір дегенде үш жаңа Z5 смартфондарын қауым алдына ұсынды.
Жаңа смартфондар өзімізге танымал барлық Z моделдеріне тән OmniBalance дизайнерлік мәнерінде құрастырылған. Не дегенімен, жаңа моделдерден бұрын болмаған өзгерістерді байқауға болады.13. Xperia_Z5c_WHITE_FINGERPRINT
Ендеше тізімнің жаңа мүшелерімен таныс болғай: Sony Xperia Z5, Sony Xperia Z5 Premium, Sony Xperia Z5 Compact — сәйкесінше “қарапайым”, “мінсіз” және “тамаша” лақап аттарымен танымал.z5family_1200
Ішкі дүниесіне келетін болсақ, смартфондардың барлығы жаңартылған Qualcomm Snapdragon 810 процессорімен, ал камерасы түбегейлі жаңа 23 МП-ді эксклюзивті модулмен жабдықтандырылады. Жалпы осындай керемет модулді дұрыс фото өңдеу жүйесімен қамтамасыз етеді деген үміттеміз.Z5_2
Сонымен қатар, барлық смартфондардан саусақ бармағының сканерін таба аласыз. Бірақ ол сканерді үйреншікті дисплей бетінде емес, керісінше, телефон корпусының оң жағында орналасқан “қосу” түймешігімен қатар табасыз. Қаншалықты ыңғайлы болатынын мына сіз болжаңыз..Z5_4
Көпшіліктің сұранысы бойынша жаңа смартфондар Android-тың түп нұсқасынан айырмашылығы жоқ операционды жүйесінде болады деп болжануда. Бұл айтарлықтай қуанышты жаңалық.
Ал енді смартфондардың өзара айырмашылықтарын атап өтелік.
Ең басты көзге түсетін ол экран өлешмі, яғни аталмыш “қарапайымңың” экраны стандартты 5.2” FullHD болса, “мінсіз” Z5 Premium 5,5” 4K дисплейімен, ал “тамаша” Z5 Compact орташа деңгейлі 4,6” 720p дисплейімен безендірілген.03. Xperia_Z5_+_Colour_Range
Ал батареялары сайкесінше 2900 мАс, 3430 мАс және 2700 мАс болады. Өндірушінің айтуынша мұндай көлемдегі батареялар смартфондарға бір күндік жұмыс уақытын береді.12. Z5_Z50c_WhiteWhite_Group 2
Өкінішке орай, телефондардың оперативті жадысы бар болғаны 2Гб болуына қарамастан, Sony жаңа смартфондары айтарлықты көңілдеріңізден шығар деген үміттеміз.