Смартфондар адамдардың жеке құпияларына қауіпті

Жаңа смартфондар мен гаджеттер өз иелерінің жеке ақпараттарын, соның ішінде “жеке” суреттерін де жинай алады. Бұл туралы АҚШ Федеральды сауда комиссиясының басшысы ескертеді, деп хабарлады Би-Би-Си. Китайские смартфоны передают данные КНР. Фото: © Flickr/ Frank Spin
Сonsumer Electronics Show көрмесінде сөз сөйлеген Эдит Рамирес болашақта гаджеттер адамның жеке өмірдің құпияларына қауіп төндіретінін айтты.
Жиналған ақпарат жұмыс берушіге, университеттер мен компанияларға таратылса адам туралы дұрыс түсінік тудырмауы мүмкін, деді ол.
Рамирес технологиялық компанияларды олардың құрылғылары тек өнімнің қызметіне қажетті ғана ақпараттарды жинап, адамның жеке өміріне қатысты деректерге қол сұқпауын қадағалауға шақырды.