iPhone 8 смартфонында қосымша экран болады

Apple корпорациясы 2016 жылы жетінші айфонды дүйім жұрттың назарына ұсынатын болады. Бірақ, қазірдің өзінде компания басшысы iPhone 8 смартфонын көрсетуді жөн көрген. БАҚ хабарлауынша, сегізінші iPhone осыған дейін айтылғандай, дүкен сөресінде 2018 емес, 2017 жылы пайда болады. Оның сегіз ядролық Apple A10 процессоры, PowerVW GT8600 графикасы және 6 ГБ оперативтік жадысы бар. Ал оның ең басты ерекшелігі - қапталындағы қосымша экраны. Бұл экранда құрылғыны басқаратын тетіктер орналасатын болады.