Жаңа үлгідегі смартфондар

"Samsung Electronics" компаниясы өз тұтынушыларына Галакси S6 edge + ұялы телефонының жаңа үлгісін ұсынды. Сырт келбеті ерекше смартфонның қуаттылығы мен төзімділігі де екі есе артқан.
Жаңа Самсунг Галакси S6 edge + үлгісі көз тартарлықтай. Смартфонның экранының қуаттылығы артып, суретке түсіретін камералары заманауи үлгіде жасалған. Оған қоса кез - келген бейнекөріністі тамашалап, ғаламтор желісіне қосылып отырсаңыз да қуат көзі бір күнге дейін таусылмайды. Телефонның дизайны да ерекше, екі жақ шеті иілгіш келеді.
-Селфи жасау әлде қайда жақсара түсті. Тағы бір ерекшелігі бірнеше бейнекөріністі түсіріп алып олардан түрлі коллаж жасауға болады. Ал бейнежазбалар болса, бір кадрда бір мезетте ойнап тұра береді.
Дегенмен, өмірінің негізгі бөлігіне айналдырған әрбір тұтынушы оның қуаттылығына да аса көңіл аударатыны анық.
-Қуаттандырғышы ұзақ уақытқа жетеді. Өйткені мен таңертең жұмысқа кетемін, кешке бірақ келемін, үнемі қолымнан телефон түспейді. Сол себептен менің ойымша, дәл осы функция батарейканың ұзақ сақталуы таптырмас функция.
Компания жаңа ұялы телефонның тұсаукесер рәсімінде жаңа би жобасы Edge Dance Festival атты жастарға арналған байқау да ұйымдастырды. Оған 1000- ға жуық жас команда қатысты. Оның ішінде ең үздік саналған 15 команда ақтық сынға жетті. Басты бәйгеге ие болған биші команда Корей елінде білім алатын болады. Дегенмен, смартфонның құнының дағдарысқа еш қатысы болмайды.
-Соңғы уақытта орын алған экономикалық өзгерістерге қарамастан біздің компания жаңа өнімнің құнын көтермеуді шешті. Тұтынушылар үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Әрбір адам бұл өнімді сатып алып өз бағасын берсін.