Жаңа жыл ойындары. Балаларға арналған

1) Ұста-Ұста: бірінің артынан бірі белінен ұстап тұрады. Ойынның мақсаты: бірінші тұрған ойыншы соңғы тұрған ойыншыны ұстап алу. Ойыншылар саны: шектеусіз.

2) Басам: шарды тобыққа байлау керек. Ойын мақсаты: өз шарыңды жарғызбай, басқанын шарын жару. Ойыншылар саны: шектеусіз. Керек-жарақ: үрленген шарлар. (суретті қараңыз)

3)Мумия: Біз екі “мумияны” ортаға алып, екі топқа бөлініп, “мумияларды” орадық. Ойынның мақсаты: “Мумияға” “киімін” кигізу/орау. Керек-жарақ: орамақағаз(туалетная бумага). Мысалы, бізге бір “мумияға” 2 орама жетті. (суретті қараңыз)

4) Отырам!: сол бұрынғы бәріміз білетін ойын. Орындықтарды дөңгелете қойып айнала жүріп “стоп” дегенде отыра қалу. Орындықтар саны ойыншылар санынан бір дана кем екенін ұмытпау керек.

5) Жұмбақ: шаршағанда бір-біріне жұмбақ жасыру. Мысалы: судан шығады, судан қорқады (из соли выходит, соли боится). (суретті қараңыз)