Ең алғашқы ойын консолын кім жасаған?

Ральф Баер ойын өнеркәсібінде кеңінен танымал болатын. Себебі ол ең алғашқы ойын консолы болған Magnavox Odyssey ойынын 1972 жылы жасаған.

Ральф 1922 жылы немістің Родальбен қаласында дүниеге келген. Ал 11 жасында немістің қатаң саясатынан қашып, АҚШ-қа көшіп кетеді. Ральф Баер Нью-Йорк қаласында аптасына 20 доллар жалақыға жұмыс істей бастайды. Кейіннен электроникамен айналысып бірталай жетістіктерге де жетеді. 1940 жылы Ұлттық Радио Институтында «Радиотехниканың сервистік қызметі» мамандығы бойынша білім алып шығады.
1943 жылы әскерге шақырылып, АҚШ әскерінің Лондондағы штаб-пәтерінде барлаушы болып қызмет етеді. Соғыстан кейін Қорғаныс Министрі оған қосымша білім алуы үшін қаржы бөліп, Баер Чикаго Технология Институтында бакалавр дәрежесін иемденеді. Өмірінің келесі 15 жылын әр түрлі компанияларда жұмыс істеумен өткізеді. Ральф алғаш рет видео ойындармен 1966 жылы айналыса бастайды. Жаңа идеяның құрылымдық алгоритмін бірнеше айда жасап шығарады. Бұл алғашқы теледидарға қосыла алатын консолдың жобасы еді.